Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС-те сақтандыру мәртебесі туралы анықтаманы қалай алуға болады?

МӘМС-те сақтандыру мәртебесі туралы анықтаманы қалай алуға болады?



МӘМС жүйесі туралы жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап беруді жалғастырамыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова түсініктеме берді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі туралы анықтаманы қалай алуға болады?
МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру электрондық үкімет порталында 15 минут ішінде жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты осы сілтеме арқылы алуға болады: https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/pass171-2_mz
Мен мерзімді қызметтегі сарбазмын, жарналары мемлекет есебінен төленетін азаматтардың жеңілдікті санатына кіремін. Жеңілдік санатында қанша уақыт боламын?
Сіз мерзімді әскери қызметті өтеу кезінде азаматтардың жеңілдік санатында боласыз. Қызметіңіз аяқталғаннан кейін сақтандыру мәртебеңізді сақтау үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тұрақты төлемдер жасау қажет.
МӘМС-кеқате төленген соманы басқа кезеңдерге қайта бөлуге бола ма?
МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады.
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Мемлекеттік корпорацияның мекен-жайларын мына сайттан табуға болады: https://gov4c.kz/
17 сәуір 2024 ж. 254 0