Нұрлан имам оразаның қарызын қашан өтеу дұрыс екенін айтты
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы қаза оразаны қашан ұстаған дұрыс екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшілікте шәууәл айының оразасын ұстаған жөн бе әлде қаза оразаны ұстау керек па деген сұрақ туындады.
"Ораза айт - бір күн. Құрбан айт - үш күн. Енді осы айттан кейін қаза оразаны ұстаймын ба әлде бір жылдық сауапқа тең шәууәл нәпілді ұстаймын ба деген елдің ортасында қызу талас болып жатыр. Рамазан айы өзі де және оның кәффараты да, оның қазасы да, ол парыз болып есептеледі. Яғни құрандағы Құдайдың бұйрығы болады. Қазір біз осы 360-қа тең деген нәпіл қосымша оразаны дәріптегеніміз соншалықты дәрежеде, біз рамазанның қадірін төмен түсіріп жіберіп алып жатырмыз. Қарызды кейін өтеймін деген болмайды. Бірінші қарыздан құтылыңыз. 5 күн болсын, 10 күн болсын, мойныңызда қанша қарыңыз бар, содан құтылыңыз. Шәууәл айы - бір ай өзі. Содан кейін жалғастырып, қалған күндеріңізді ұстаңыздар. Ол сауап амал, бірақ ол міндет емес. Ол нәпіл, қосымша. Бұл таласатын дүние емес. Екеуіне бір ниет қылынбайды. Екеуі жеке-жеке дара құлшылық. Бірақ Рамазанның қарызы мойныңда тұрған кезде нәпілді ұстау бұл сәл қиыспайтын дүние. Өйткені, қарыз үшін сұраласыз, нәпіл, шәууәл үшін сұралмайды. Себебі олар сауапты амалдың бірі. Істесеңіз сауап, істемесңіз сұрағы жоқ. Сондықтан сұрағы бар нәрсеге ұмтылуға шақырамын", - дейді Нұрлан имам.