№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүректі суықпен емдеу. МӘМС аясында инновациялық оталар қолжетімді

Жүректі суықпен емдеу. МӘМС аясында инновациялық оталар қолжетімді


«Суықпен емдеу» деп аталатын криоаблацияның инновациялық әдісін пайдалана отырып, жүрекке оталарды Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасының, Қызылорда қ. көпсалалы облыстық ауруханасының кардиологиялық орталығының мамандары бірлесіп жасады. Шеберлік сабақтардың барысында 9 ота жасалды.

73 жастағы Нұржамал Қуанышбаеваға (аты-жөні өзгертілді) ота жасалды. Көптеген жылдар бойы жоғары қан қысымымен ауырады, диспансерлік есепте тұрады. Денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты науқас жүрек ырғағын емдеуге арналған жоспарлы отаға жіберілді.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенциялық аритмолог дәрігері Қанат Ергешов айтқандай, криоаблацияға көрсеткіш – қақпақша ақаулары және жүрек ырғағының бұзылуы. Қарсы көрсетілімдер жоқ. Қан ұйығыштары болса да, хирургтар араласып, оларды алып тастайды. Сонымен қатар, криоаблация тромбоэмболиялық асқынулар мен инсульттің алдын алуға көмектеседі.
«Ота жергілікті анестезиямен тіліксіз жасалады. Арнайы катетер артерияға енгізіліп, жүректегі қан тамырларына жеткізіледі. Дәрігер бұл процесті мониторда бақылайды. Аритмия орны табылғаннан кейін, бұл жерге арнайы катетер арқылы суық әсер етеді. Суықтың көзі - арнайы баллондағы азот оксиді. Егер бұрын мұндай оталар ҒЗИ-ры мен жетекші ауруханаларда ғана жасалса, енді МӘМС жүйесінің арқасында аймақтарда жүректі криоаблациясы жасалады. Отаның құны - шамамен 4 млн.теңге. Сақтандырылған азаматтар үшін – тегін», - деп түсіндірді Қанат Ергешов.
Дәрігерлердің айтуынша, отадан кейін қалпына келтіру қысқа уақытты алады. Бір айдан кейін науқастың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау үшін жыл сайынғы скринингтен өту керек, ол да тегін қол жетімді.
Жыл басынан бері көпсалалы облыстық ауруханада 51 пациентке жүректі криоаблациялау бойынша оталар жүргізілді. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 223,8 млн. теңге бөлінді.
29 қараша 2023 ж. 217 0