№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Вакцинация

Вакцинация-жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы.
Әлемде түрлі пандемия ахуалының тұрақтануына және дерттің өсу қарқынының төмендеуіне, инфекциялық аурулардың қаупін алдын алудағы  басты жол –вакцинация және ревакцинация.
Бірқатар шетелдік зерттеу нәтижесіне сүйенсек, екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау алты айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді.
Вакцинация - ол бізге иммунитетті әрі қарай нығайту үшін және ағзада қосымша антиденелердің түзілуі үшін өте қажет.
Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді, осылайша иммунизация жұқпалы аурулардан қорғап қана қоймай, жалпы қоғам денсаулығына оң әсер етеді. Бірқатар жұқпалы инфекциялардан болатын аурулар мен өлім жағдайларын едәуір азайтады.
Вакцинация халыққа қолжетімді барлық емханаларда тегін және арнайы дайындықтан өткен мейіргерлермен мамандандырылған егу кабинеттерінде жүргізіледі, алыс орналасқан елді мекендерде егу жұмыстары жылжымалы егу бригадасымен  жүзеге асырылады.
Жаңақорған аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындардың вакцинацияға деген оң көзқарастарын қалыптастыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық ағарту шараларын тұрақты жүргізуде және сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырады.
Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, инфекцияны жеңу жолында Сіздерді вакцинация, ревакцинация алуға шақырамыз!
«Өз денсаулықтарыңыз- өз қолдарыңызда!»

Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының орынбасары
04 сәуір 2024 ж. 248 0