№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 20 мыңнан аса жаңақорғандық вакцина қабылдады

20 мыңнан аса жаңақорғандық вакцина қабылдады


Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Бұл індет Қазақстанға да өз залалын тигізуде. Дәл қазіргі жағдайда инфекцияның таралуын тоқтатудың, адам денсаулығын сақтаудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы вакцинация болып отырғанын әлем елдері де, қарапайым халықтың өзі тереңінен түсіне бастады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отырып, біз қоғамда бұл аурудың өршімеуіне өз септігімізді тигіземіз.


Бұл туралы ауданаралық емха-
наның бас дәрігері Яхия Шорабаев:
– Қауіпті дерттен келетін басқа қиындықтарға жол бергеннен гөрі вакцина салдырған жөн. Мемлекет басшысы да коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім вакцинация екенін айтқанын білесіздер. Халықты вакцинациялау коронавирустық инфекциямен күрестегі маңызды кезең болып саналады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін біз халықтың 80 пайызын вакцинациялауымыз керек. Біздің алдымызда осындай ортақ міндет тұр. Сондықтан мамандардың еңбегін бағалап, кеңестері мен ұсыныстарына құлақ асқан жөн. Қазір азаматтық қоғамның вакцинация мәселесіндегі белсенділігі аса маңызды. Екпе алудағы оң үрдіс пен халықтың өзіне және айналасындағылардың денсаулығына деген жауапкершілігі артып келеді, – деді.
Шынында, вирусты құрықтауда едеуір жетістігі бар елдердің тәжі­рибесін қарағанда ұжымдық имму­нитетті қалыптастыру маңызды екенін ұғамыз. Бұған Израильды мы¬сал ете аламыз. Бұл ел жасөспірімдер арасында вакциналауды ұтымды ұйым­дастырумен ерекшеленеді.
Аудандық санитариялық эпиде­мио­логиялық басқармасының басшысы Шынар Айдарованы әңгімеге тарттық:
– Бүгінде аудан тұрғындары вак­цина салдыруға өз еріктерімен ке­луде. Әсіресе егде жастағы кісілер аурудың алдын алу үшін де вакцина салдыруға құлықты. Біз ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз үшін де вакциналануға тиіспіз. Бүгін­де ауру күн санап көбеюде. Мұны той-жиындардың көбеюімен байла­ныстырсақ болатындай. Десе де, өзінің және жақындарының денсаулығына алаңдаушылық танытқандар мұндай көпшілік орындардан өздерін алшақ ұстауда. Дәл қазіргі таңда вакцинаның бірінші компонентін 20 147 адам алса, екпенің екінші компонентін 15447 адам алып отыр. Бұл белсенділік әрі қарай жалғасса ортақ иммунитет пайда болады. Сондықтан да тұрғындарды әлі де болса белсенділік танытуға шақырамыз, – деді.
Ел арасында екпеден кейін қан қысымының қалыпты болуы, маусымдық аллергияның тоқтауы сынды жағымды пікірлерді естіп жүрміз. Мұның өзі көпшіліктің екпені қабылдауына оң ықпал етуде.
Біз кент тұрғыны Гүлзира Айда­болованың пікірін білгенді жөн көрдік.
– Вакцинаның екі компонентін де алдым. Ауырсыну да, жанама әсері де болған жоқ. Керісінше, бұрын күн жылыса маусымдық аллергиям басталып, мұрын бітуі болатын. Қазірде бұл қайталанбай жүр. Ауданның барлық тұрғынын вакцинациядан өтуге шақырамыз. Біз карантинге дейінгі өмірге оралуымыз үшін де вакцина салуымыз керек, – деді ол.
Иә, вакцина алу қоғамымызға дүрбелең тудырғанымен қалыпты өмірге келуіміздің жалғыз жолы екенін көпшілік мойындауда. Созылмалы аурулары мен аллергияның ең ауыр түрімен ауыратындар ғана босатылған екпені алуға асығу керек-ақ. Әрбір тұрғын өзінің сақтығы үшін де, қалыпты өмірге қайта келуіміз үшін де екпе алу маңызды.
Осыны ұмытпайық, ағайын!

Айкерім Мырзахметова
11 тамыз 2021 ж. 411 0