№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кредит шартына қол қоймас бұрын нені білу керек?

Кредит шартына қол қоймас бұрын нені білу керек?

Фото: zachashkoj.mediasole.ru
Кредит рәсімдеген кезде шартқа қол қоймас бұрын неге мән беру қажет? Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі неге маңызды? Несие төлеудің қандай әдістері бар?
Шарттың басты бетіКредит шарты банк пен қарыз алушы арасында жазбаша түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Құжатқа қол қойған сәттен бастап клиент банктің барлық талабымен автоматты түрде келіседі және оған кредиттік міндеттемелер жүктеледі. Сондықтан асығыс шешім қабылдамас үшін "жеті рет өлшеп, бір рет кескен" абзал.
Ең алдымен, кредиттің негізгі шарттары жайлы толық ақпарат алу керек. Несие туралы қажетті ақпарат басты бетте жазылады. Ол міндетті түрде шартқа қоса беріледі. Басты беттің форматы банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін бірдей.
Онда мына мәліметтер көрсетілуге тиіс:
несие сомасы мен мерзімі;
сыйақы ставкасының мөлшері;
жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері;
өтеу әдісі және тәсілі;
негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу үшін клиенттің банкке өтініш жазу қажет екені жайлы ақпарат;
шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
қарыз алушының банкке кредит төлеуді кешіктіру себептері, кірістері мен басқа да расталған жағдайлары (фактілері) туралы мәліметтер қамтылатын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат.
Шарттың мәтіні басты беттен кейін жазылады.
Жылдық тиімді ставкаШарттың жалпы талаптарымен танысқан кезде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне баса мән беріңіз. Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қол қоймай тұрып менеджерден нақтылаңыз.
Кредиттік ұйым несиенің жылдық тиімді сыйақы ставкасын шартта көрсетуге міндетті.
2011 жылдан бері банк кредиттері мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы 56%-ке тең болды. Бірақ 2021 жылғы наурыздан бастап банк қарыздары бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі сараланды.
Осылайша, жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мәні:
кепілсіз кредиттер мен микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша 56% деңгейінде сақталды;
кепілді қарыздар бойынша 56%-тен 40%-ке дейін;
ипотека бойынша 56%-тен 25%-ке дейін;
45 күнге және 50 АЕК дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша 30%-тен 20%-ке дейін төмендеді.
Дереккөз: sputnik.kz





04 сәуір 2024 ж. 191 0