№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек?

Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек?

Фото: otkritkis.com
Нутрициолог Марина Мельникова Sputnik радиосына берген сұхбатында күні бойы сергек жүру үшін таңғы асқа не жеген дұрыс екенін айтты.

Оның айтуынша, таңертең жейтін тамақ ағзаға қуат беретін пайдалы "жанармай" секілді болуы керек.
"Таңғы ас – бұл ағзаға қуат беретін отын. Ең пайдалы таңғы тағам – ботқа, ол қарақұмық, сұлы жармасы, арпа, тары ботқасы болуы мүмкін. Ботқаның құрамында асқазанды тез қанықтыратын және ұзақ уақыт аштықты тудырмайтын баяу көмірсулардың мөлшері көп", - деді дұрыс тамақтану жөніндегі маман.
Ол жұмыртқаның да пайдасы көп екенін айтады. Жұмыртқа ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет минералдарға, витаминдерге және ақуыздарға толы.
"Бір-екі қайнатылған жұмыртқа сізге түскі уақытқа дейін жететін қуат береді. Ал егер оған көкөністерді қоссаңыз, мінсіз таңғы ас пайда болады", - дейді сарапшы.
Ол сондай-ақ ағзаны қоректік заттармен, D дәруменімен, калий және кальциймен қамтамасыз ететін сүт өнімдеріне назар аударды. Апельсин шырыны мен қара шоколад та таңертең сергектік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
"Цитрус жемістері – әрқашан ұйқысырап жүретіндер үшін таптырмас жеміс. Апельсин шырынының құрамында ағзаны қуатпен толтыратын С дәрумені көп. Дегенмен мұндай сусынды аш қарынға ішуге болмайды", - деп ескертті нутрициолог.
Шоколад құрамында тағамдық талшық пен магнийге бай какао бұршағының мөлшері кем дегенде 55% құрайды.
"Бұл элемент күйзеліспен күресу үшін қажетті серотониннің, эндорфин мен бақыт гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Бір-екі бөлік қара шоколад ұйқыны ашып, бірнеше сағат бойы сергек жүру үшін жеткілікті", - дейді Мельникова.
04 сәуір 2024 ж. 159 0