№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы төлемді қалай алады?

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы төлемді қалай алады?



Мемлекет басшысының  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында ҚР Үкіметіне 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға  арнаулы әлеуметтік төлем енгізу тапсырылған. Бұл жөнінде Еңбек және әлеуметтік қорғау  комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің толық ақпаратын ұсынамыз.
Былтыр 21 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. 
Аталған Заңмен ҚР Еңбек кодексіне(127-3-бап) және Әлеуметтік кодексіне (14-1-тарау, 195-1, 195-5)толықтырулар енгізіліп, биыл қаңтар айынан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізу шаралары көзделген.
ҚР Әлеуметтік кодекстің(бұдан әрі – Кодекс)195-1 бабының 1-тармағына сәйкес,  Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер, 55 (елу бес) жасқа толғанда және олар үшін жалпы кемінде 84 (сексен төрт) ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төленген кезде  төрт қаржыландыру көзінен арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар және төлемнің әрбір түрі бекітілген Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады:
- Республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде (2024ж. ЕТКД-43407т.*2=86814т)(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2023 жылғы  № 521 бұйрығымен бекітілген Қағида);
- БЖЗҚ-дан Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып;
- өмірді сақтандыру компанияларынан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі (43407т.) мөлшерінде (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының  29.12.2023 жылғы  № 98 Қаулысымен бекітілген Қағида);
- жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі (43407т.) мөлшерінде(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.12.2023 жылғы  № 526 бұйрығымен бекітілген Қағида).

2014 жылдан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға қатысты мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы тең жауапкершілік қағидатына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік схемасы енгізілген.
Яғни, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен БЖЗҚ-на еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудара бастады.
Сондай-ақ жұмыс беруші «Қызметкерді еңбек қызметін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес жұмыскер үшін өмірді сақтандыру компанияларымен  сақтандыру шартын жасасуға міндетті. 
Арнаулы әлеуметтік төлемге құқық қызметкер еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда жұмысын тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстырылған жағдайда туындайды.
Фото: gov.kz
Жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлемді алу үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы өтінішінұсыну қажет.
Әрі қарай, жұмыс беруші (кадр бөлімі) еңбек шарты бұзылған немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ААЖ-не(hr.enbek.kz сайтына)еңбек шартының бұзылуы немесе еңбек шартының талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты енгізеді.
Жұмыскердің еңбек жағдайларының өзгеруі туралы мәліметтерді «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ААЖ-неенгізгеннен кейін,жұмыс беруші қызметкердің пайдасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруғазейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартын(бұдан әрі – ЗАШ) жасасу үшін жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты қолданыста бар сақтандыру ұйымына  өтінішпен жүгінеді.
Сақтандыру ұйымы еңбек жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен қызметкердің сақтандыру төлемін алу шарттарына сәйкестігі туралы хабарлама алған кезде сақтандыру ұйымы мен жұмыс беруші арасында қызметкердің пайдасына зейнетақы алдындағы аннуитет шарты жасалады.
Осы деректер негізінде  жоғарыда аталған төлемдердің барлық түрлерін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі.
Бұл ретте, 1414 нөмірінен жіберілген тиісті SMS-хабарламаға жауап беру арқылы арнайы әлеуметтік төлем алуға және Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорынан төлем түрін таңдауға келісімді растау қажет.
Осылайша, төлем алушы жұмыс берушіге өтініш бергеннен кейін арнаулы әлеуметтік төлемін алуға өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінудің қажеті жоқ. Арнайы төлем жасау үшін SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті.
Кодекстің 195-1-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істеген адамдар 55 (елу бес) жастан бастап және жалпы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) кемінде 84 (сексен төрт) айға аударылған жағдайда  екі қаржыландыру көзінен арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқылы:
- Республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде (2024ж. ЕТКД-43407т.*2=86814т)(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2023 жылғы  № 521 бұйрығымен бекітілген Қағида);
- БЖЗҚ-дан Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып тағайындалады.
Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда жұмыс істемейтін, 55 жасқа толған, бірақ олар үшін жалпы кемінде 84 (сексен төрт) ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдарға республикалық бюджет қаражаты есебінен арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы және Бірыңғай зейнетақы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға тиісті өтінішпен жүгінуі қажет.
Барлық төлемдер Мемлекеттік корпорация рәсімдейтін төлем тапсырмасы негізінде бірыңғай төлеммен төлем алушылардың банктегі шотына түседі.
Бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуімен индекстелетін болады.
Аталған төлемдер зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді, содан кейін жасына байланысты зейнетақы , базалық зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы төлемдері тағайындалғаннан кейін тоқтатылады.
Арнаулы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады.
Сондықтан, төлем алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды. 
Егер төлем алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға қайта орналасса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.
02 сәуір 2024 ж. 190 0