№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

Әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?


2024 жылдан халықтың күтері көп. Әсіресе, қарапайым халық зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қосылатын үстеме қаражатқа елеңдеп, жақсы жаңалықты естігісі келеді. Үстіміздегі жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі әлеуметтік төлемдердің барлығы дерлік 7 пайызға өсті. Демек, соңғы жарты жылдықта мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік көмек ақы тағы біршама артқандығын байқадық. Әлеуметтік сала, оның ішінде жәрдемақы, зейнетақы және өзге де төлемдерге байланысты төлем мөлшерлерінде оң өзгерістер болды. Олай болса, көпшілікке жақсы хабарды сүйіншілеп, белгілі бір мөлшерде ұлғайған әлеуметтік төлем түрлеріне тоқталғанды жөн көрдік.


Заң жобасы аясында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс шегі, ең төменгі зейнетақы, айыппұл көлемі, жалақы мен жәрдемақы мөлшері, со­нымен қоса бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жаңа мөлшері белгіленді. Атап айтсақ, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айы­рылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар өсті. Яғни, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, жерлеуге арналған біржолғы төлем, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік жәрдемақыларға өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толған­ға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төлене­тін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау, ар­наулы мемлекеттік жәрдемақылар, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелет­ке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекет­тік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған не­месе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбала­лы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы өсті.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асы­рап алушыға, қорғаншыға (қамқоршы­ға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәр­демақы және бірінші топтағы мүгедекті күтетін адамға мемлекеттік жәрдемақы.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Өткен жылдың 21 желтоқсанында Мем­лекет басшысы «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс­тарда істейтін адамдарды әлеу­мет­тік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Заңға көп өзгеріс енгізілді. Біріншіден, арнайы әлеуметтік төлем көп жыл бойы жұмыс істеген, 55 жасқа толған және 7 жыл бойы өздеріне жиынтық жарна аударған азаматтарға төленеді. Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар­дан, жұмыс берушілердің қаражатынан, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленеді» – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
ҚР «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң­да 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін қаржылық көрсет­кіштердің жаңа мөлшері бекітілген.
Мәселен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері былтырғы бағадан 7 пайызға артты. Яғни, биыл АЕК 3450 теңгеден 3692 теңгеге өсті. Осыған байланысты мемлекет­­тен берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, көпбалалы отбасыға берілетін көмек, бюджетке төленетін салық пен айыппұл мөлшері де көбейеді.

Жәмила ЕРМАХАН
09 қаңтар 2024 ж. 306 0