Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отандық шоу-бизнес өкілдері еліміздегі су тасқынына билікті айыптады

Отандық шоу-бизнес өкілдері еліміздегі су тасқынына билікті айыптады



Еліміздің 10 облысын су басып, жергілікті халық қауіпсіз жерге көшірілді. Осы орайда шоу-бизнес өкілдері су басқан өңірлердің тұрғындарына қолдау білдіріп, көмек қолын созды. 

Өнер иелерінің арасында ақшалай көмек беріп жатқандар да жетерлік. 

“Су тасқынынан зардап шеккен Үрпек ауылының тұрғындарына Тұрсынбек Қабатов 1 млн теңге қаржылай көмек берді. Тұрсынбек пен Мөлдір қарындасымызға мың алғыс. Балаларыңның қызығын көріңдер", – деп жазды Арқалық қаласының тұрғыны.  


Одан кейін журналист Ләйлә Сұлтанқызы су тасқыны қолдан жасалған мәселе екенін айтты. 


“Жаздың алдында көктем бар. Су басқан өңірлерден тараған видеолар жан түршіктіреді. Қаншама мыңдаған адам зардап шекті, қаншама мыңдаған отбасын шаңырағынан айрылды, қанша дүниенің күлі көкке ұшты. "Әттеген-ай" дейтіндей-ақ бар. Қолдан жасап алған проблема ғой. Шымшық сойған қасапшы да ағаттық жіберіп тұр. Халықтың қалауы, пікірі, билік өкілдерінің тапсырмасы, қауқары бас болып тұрғанымен, мойынсыз (президент) ештеңе істей алмайды екенбіз”, – деп жазды тележурналист. 


Сонымен қатар опера әншісі Майра Мұхаммедқызы да жыл сайын қайталанатын мәселе екенін айтып өтті. 


“Осы күндері әртүрлі ой келеді. Көп созғым келмейді. Кінә бәрімізден де бар. Жазда жанамыз, қыста жаураймыз, көктемге суға батамыз. Неге берекесі қашқан ел болдық екен?! Бабаларымыз әу баста айтып кеткен ғой. “Әділетсіздік өршіп тұрған заманда, ынтымақ пен береке кетеді” деп. Қолымыздан келгенше қиналған жандарға көмек қолын созайық”, – деді опера әншісі. 


Одан кейін танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов та елді дүрліктірген табиғат апатына билікті кінәлады. 
“Отанымды жегендер-ай! Қорған мен дамба салудың орнына, айналдырған 50 жемқордың орнын ауыстырумен әлек боп жүр бiздiң билiк! Ел мен жердi шiрiткен халық емес – жемқор билiк! Халық айныса Хан түзер, Хан айныса Кiм түзер?! Жылда болатын проблемаларды бiле тұра көттерi қимылдамайтынына таңым бар. Шаршайды екенсiң,”– деп күйінді әзілкеш. 
01 сәуір 2024 ж. 231 0