Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жылыжай жұмысын жандандырған жан

Жылыжай жұмысын жандандырған жан

Қызылордада тропикалық өсімдіктер өседі десек, сенесіз бе? Жоқ, сіз қате түсінген жоқсыз. Расында да, бүгінде облыс орталығында лимон өсіп, бананның жапырағы жайқалып тұр.
Өзгелердің «Қызылордада лимон өспейді» деген сөзіне намыстанған Ақерке Кеңесбайқызы осыдан үш жыл бұрын жылыжайға лимон көшетін отырғызған. Қазір онда бес айлық лимон өсуде. Бағбанның айтуынша, лимон төрт айдан соң толық пісіп, жеуге жарамды болады екен. Ал, мұндағы банан ағаштары жақын арада бүршік жарып, гүлдегелі тұр. «Мен енді алдағы уақытта манго, папайя, апельсин, мандарин секілді экзотикалық жемістерді өсіргім келеді. Зерттеуімше, олар күтімді көбірек қажет етеді екен. Алайда, мен барымды салып, тырысып көргім келеді», - деді Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Ақерке Кеңесбайқызы.
29 наурыз 2024 ж. 319 0