№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шаттыққа толы мереке

Шаттыққа толы мереке


Аудан орталығындағы "Прайм Парк" саябағында өткен мерекелік іс-шарада киіз үйлер тігіліп, алаң мерекеге сай безендірілді.
Алдымен 500-ге жуық ақжаулықты аналар мерекеге орай аудан орталығындағы "Шаңырақ" аллеясынан "Прайм Парк" демалыс орнына дейінгі аралықты мерекелік шерумен жүріп өтті.
Жол бойы халық әндері шырқалып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов мерекелік көрмені аралап, аудан тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай әрбір киіз үйде ұйымдастырылған «Бесікке салу», «Сырға салу», «Тілашар», «Қыз ұзату», «Асату» секілді ұлттық дәстүрлерді аудан тұрғындары тамашалады. Сонымен қатар «Тұсау кесер» дәстүрі бойынша сәбидің тұсауы кесіліп, ақсақалдар ақ батасын беріп, қадамына сәттілік тіледі. Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімі, тағамы, ою өрнегі шараның шырайын аша түсті. Мерекелік көңіл-күй сыйлап, қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрдің айшықты бейнесі көрсетілген шарада қонақтар мен ақ жаулықты аналар лебіздерін білдірді.
Әрі қарай шара аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерт және театрландырылған мерекелік көріністермен жалғасты.
24 наурыз 2024 ж. 495 0