№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақстанда жаңа қалалар құрылуы мүмкін

Қазақстанда жаңа қалалар құрылуы мүмкін

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам тұратын 112 ауыл бар. Заң бойынша ондай елді мекендерге қала мәртебесін беруге болады. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдарды дамыту мәселесі бойынша баяндама жасады. Осы орайда үкімет басшысы Олжас Бектенов халық көп тұратын ауылдарды қалаға айналдыру жайында сұрады.
"Соңғы жылдары тұрғын саны 50 адамға жетпейтін ауылдар таратылды. Адамдар енді ірі елді мекендерге көшіп жатыр. Яғни, бұл ретте халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау қажет болады. Осындай ауылдардың саны қанша және бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр? ", - деді Бектенов.
Министрдің айтуынша, қазір елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар. Соның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Ал олардың мәртебесін өзгерту үшін заңнамада тиісті тетіктер бар.
"Мысалы, 3 жыл бойы халық саны 10 мыңнан асып отырса, онда облыс мәслихатының деңгейінде аталған ауылдардың мәртебесін өзгерту, яғни қалаға айналдыру құқығы бар. Бұл заң 2021 жылдан бастап қолданысқа енген болатын. Қазіргі таңда облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініміндерін қарастырып жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданбаған, жұмыс жүргізілуде", - деп атап көрсетті Байбазаров.
Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 60 мыңға жуық адам тұатын Қарабұлақ ауылының қала мәртебесін не себепті алмай отырғанын түсіндірді. Қазіргі кезде осы ауылда 20 мектеп, 14 жекеменшік балабақша, 2 колледж, 9 денсаулық сақтау мекемесі мен 1 мәдениет үйі бар. Аудан бойынша өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 пайызы осы ауылға тиесілі. Ірі қара малдың саны да көп.
"Аудандық маңызы бар немесе облыстық маңызы бар мәртебесін берген жағдайда ауыл тұрғындары бірқатар мүмкіндіктен шектеледі. Олар:
ҰБТ кезінде оқушыларға берілетін ауылдық квота;
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жас мамандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау;
"Ауыл аманаты" бағдарламасы;
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар.
"Қала мәртебесін алған жағдайда ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік болмай қалуы ықтимал. Елді мекенге аудандық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, бұл мәселені талқыладық. Олардың бәрі қарсы болып отыр. Біз де мұны тиімсіз деп ойлаймыз", - деді Дархан Сатыбалды.
22 наурыз 2024 ж. 275 0