«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Жаздық жолдама" қайырымдылық жобасы өтті

"Жаздық жолдама" қайырымдылық жобасы өтті

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен Қазақстанның барлық өңірінде “Жаздық жолдама 2024” – қайырымдылық жобасы бастау алды.
“Жаздық жолдама” жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді.
Бүгін Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылында орналасқан 144 орта мектептің базасында өткен салтанатты шарада басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, үздік, белсенді оқушылар үшін “Жаздық жолдама” сертификаттарын табыстады.
Біздің облысқа 2023 жылы 600 ауыл оқушысына квота бөлінсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш екі еселеніп, 1430 квотаға ұлғайды. Оқушылар өзге облыстағы сыртқы тынығу лагерлерінде тынығатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде, аудандарында аудан әкімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің және білім бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ мектеп басшыларының қатысуымен өтуде.
Ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған «Жаздық жолдама» жобасы өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар коммуникация, көпмәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайту үшін таптырмас әдіс.
18 наурыз 2024 ж. 186 0