№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы!

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы!

Тау күйіп, тас жанса да: «Ноқталы басқа бір өлім», - деген намысты бабамыз қай кезде де тәрбие туын биік қойған.  Бала тәрбиесі – отбасы атты арнасы алып мемлекеттің тұғырына байланысты  ортада қалыптасатын заң. Бұл заңның ғұмыры алушыларға емес, берушілерге тікелей қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:
- ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
- халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
- әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
Осы орайда, білім беру ұйымдарына «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұсынылды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты –кемел келешекке жас ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін бірнеше міндеттер де қойылған. Олар: мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, ұйымшылдық пен ауызбіршілікке шақыру, Отанды, елін, жерін қастерлеуге, елі үшін қызмет ететін, ең бастысы заман, қоғам талабына үйлесімді жас ұрпақты дамыту.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді... Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, оны дамытып, сақтап қалу жастардың қолында.  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған жобалар мен әрбір өткізілген іс-шаралар болашақ ұрпақ өз ұлтының салт-дәстүрін,  тілін, дінін, киелі жерін, құнды жәдігерлерін қастерлеу мақсатында жүргізіліп отыр.
Баланың болашаққа қадам басып, елінің қорғаны болатын қыран құстай қалықтап ұшуы – әуелі отбасыдан бастау алса, содан кейін мектеп қабырғасындағы білімі мен тәрбиесінен жалғасады. Әрбір баланы Ұлы тұлға деп қарап, дұрыс тәлім-тәрбие берсек, тәуелсіз Қазақстан атты мемлекетіміздің болашағы зор, келешегі кемел, ғұмыры мәңгі болмақ.

Гулнара Пернебекова,
№ 286 орта мектеп директорының
тәрбие-іс жөніндегі орынбасары
18 наурыз 2024 ж. 201 0