Жайылмада "Жасыл мектеп" жобасы жүзеге асты

Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін біліп қана қоймай, өздері баптап өсіруге болады. Сондықтан бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық. Осындай игі бастаманы аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Шахизатұлы арнайы барып көріп, жұмыс барысымен танысты.
– «Жасыл мектеп» жобасы – өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, бау-бақша баптаудың жайымен жақын танысып, биология және өсімдік шаруашылығы саласында білімдерін кеңейтуде септігі зор. Бұл ауданымыздағы ең игі бастама деуге болады, – деп өз ойын білдірді.