» » Қазақы тазылар Франция президентіне сыйға берілді

Қазақы тазылар Франция президентіне сыйға берілді

Франция Президенті Эмманюэль Макрон қазақы тазыларға ерекше ықылас  танытып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сыйлығына дән риза болып тұрған суреті  Франция Президентінің жеке фотографы Instagram-дағы парақшасына жариялады.  Бұл жөнінде, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлады.
Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты. Көрмені тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді. Кейін қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді. 
Ал тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылғаны белгілі болды.
17 наурыз 2024 ж. 97 0