Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық құрылтай ұлт ұйытқысы

Ұлттық құрылтай ұлт ұйытқысы


Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы Атырауда өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында өзекті мәселелер көтеріліп, тақырыптық талқылаулар болды.


Биылғы құрылтай секцияларға бөлінді. Дәлірек айтқанда, 4 секция жұмыс істеді. Бұл секцияларда айтылған ұсыныстар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып шешімін табады. Құрылтайда Президент өз сөзін Атырау облысының тарихи мәні мен стратегиялық маңызын түсіндіруден бастады. Әрі неге бұл өңірде өтіп жатқанына тоқталды. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлт ұясы Ұлытау жерінде өтсе, былтыр киелі Түркістанда жиналғанын да еске салды.
– Бүгін тағы бір тарихи өлке – Атырау облысына келіп отырмыз. Үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі, – деді Тоқаев.
Тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан осында жерленген. Бір сөзбен айтсақ, Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар, деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Біз елдігіміздің негізін қалап, оны ұрпаққа табыстаған бабалар рухына тағзым етеміз. Алайда өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды. Алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр», – деген Мемлекет басшысы ұлт болу жолында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруға назар аударды.
«Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды. Алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр», деді.

Президент елдегі саяси өзгерістерге де ерекше тоқталды. «Нағыз дамыған ел болу үшін тек экономикалық мақсат қою жеткіліксіз. Әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алуымыз керек. Сондықтан биыл Ұлттық құрылтайды жылдағыдай жазда емес, ертерек өткізіп отырмыз. Осы орайда, бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет», деді.

Көтерілген мәселелер қатарында тарих, тарихи тұлғалар төңірегінде, жастар жөнінде, зорлық-зомбылық мәселесіне және елдік мүдде жайын да назардан тыс қалдырмады. Тіл тағдыры, оның бүгіні мен болашағы да баяндалды. Келесі кезекте кітапхана, жастарды кітап оқуға үндеу туралы сөз болды. Ұлттық бірегейлікті нығайтуда ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеуді негізге алды. келесі мәселеде мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындауды мақсат етті. Баспана мәселесі, ІТ технологиясы да және өзге өзекті тақырыптар күн тәртібіне енгізіліп, тапсырмалар түйінделді. Қысқаша қайырғанда, Ұлттық құрылтайда қоғамдағы өзекті мәселелер айтылды. Ендігі міндет сол мәселелер бойынша нақты жұмыс жасап, нәтиже шығару. Осы орайда Мемлекет басшысы Құрылтайдың келесі отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынды.
«Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын» деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.
16 наурыз 2024 ж. 204 0