№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді


№169 Н.Илялетдинов атындағы жалпы орта мектебінде 6 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанадилова Сауле Балтабайқызының ұйымдастыруымен, мектеп медбикесі Оразалиева Раяның үйлестіруімен, 8-11 сынып қыздарының қатысуымен "Ерте жүктіліктің алдын алу" атты қыздар жиналысы өткізілді. Аудандық емхананың акушер-гинекологы Манашева Шолпан, СӨС медбикесі Кадирова Баян қатысты.
Аудандық емхананың акушер-гинеколог маманы Манашева Шолпан сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Салауатты өмір салты медбикесі, Кадирова Баян сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық жетілу процесі жүреді . Көптеген отбасында осы тақырыпта әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екенін айтты.
Қорытындылай келе, кездесу қыз балалардың өздерінің қоғамдағы орнын сезінуіне, құндылықтарын айқындауына, өмірге мейіріммен, махаббатпен қарай білуге деген ұғымдарын тудырды. Сол себепті қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз қажет.
11 наурыз 2024 ж. 288 0