Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі қыз келіншектерді мерейлі мерекемен құттықтады

Аудан әкімі қыз келіншектерді мерейлі мерекемен құттықтады

Ардақты аналар! Аяулы апа-қарындастар!
Сіздерді көктемнің әсем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Шындығында адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Сондықтан әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Бұл мереке жақындаған сайын ер азаматтар ақ жаулықты әжесіне, аяулы анасына, сүйген жарына, ардақты апа-қарындастарына, сүйкімді қызына сыйлықтарымен қоса, ыстық ықыласы мен ізгі ілтипатын аямай көрсетеді.
Әрине, сіздер бір күн ғана емес, мәңгілік құрметке лайықтысыздар!
Сіздер отбасының түтінін түзу ұшырып қана қоймай, ел болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбек сіңіріп келесіздер. Қоғамның бүгінгі саулығы мен көңіл-күйі де, оның келешегі мен рухани келбеті де сіздердің қолдарыңызбен жасалынады.
Өркениетке ұмтылған ұлы көштегі қаракөздеріміздің арасында басшы да, қосшы да, ғалым да, жазушы-қайраткер де, халық қалаулылары да бар. Қандай істі міндетіне алса да тиянақты, мінсіз, адал атқаруға тырысатын әйел-ана тіпті қоғамның алдыңғы сапынан танылып келеді.
Сөзіміздің дәлелі болсын, туған жердің тарихында елдің дәулеті мен ырыс-несібесін арттыруға ерлермен иық тіресе еңбек етумен қатар биік мінберден сөз алып, атамекен тағдырына таяныш бола білген аналарымыз Фатима Тілеубаева, Мавжуда Бегалиева, Баян Әріпова, Хадиша Баязитова, Манзура Құлымбетова, Зоя Өрғараева, Әзия Қыстаубаева, Қамар Үсенбаева, Айша Наубаева, Жақсыгүл Бегманова, Айсара Нәлібаева, Рәйлаш Сәруаровалардың жасампаздық еңбегін ел жоғары бағалайды.
Әйел – кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе білетінін дәлелдеді. «Әйел кәсіпкер», «Әйел саясаткер», «Әйел қайраткер», деген ұғымдар осыған дәлел. Ауданымыздағы мемлекеттік мекемелердің бесеуін әйелдер басқарады. Мемлекеттік қызметшілердің 25 пайызын әйелдер құрайды. Сонымен бірге, мұғалім, дәрігер, құқық қорғау қызметкері, тәрбиеші және басқа да мамандық иелері бар. Халықаралық жарыстарда көк туымызды биікке көтерген спортшы аруларымыз да аз емес. Ауданда 4 мыңнан астам көпбалалы аналардың 144-і «Батыр аналар. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен алтын құрсақты аналарымыздың 972-сі «Алтын алқа», 1912-сі «Күміс алқа» иегерлері. Кәсіпкерлердің 47% - нәзік жандылар, олар жүздеген адамға жұмыс ұсынып отыр.
Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Бірлік отбасынан бастау алады. Сол себепті ауданда «Әйелдер кеңесі», «Аналар кеңесі» құрылып, келер ұрпақ үшін тәлім мен тәрбиенің іргесі, берік шаңырағына айналды.
Қоғам мен елімізідің дамуына үлесін қосып жүрген, берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып отырған баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Біз былтырғы жылы барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша облыста көш бастап, үздік нәтижелерге қол жеткіздік. Ауылшаруашылығы саласында үздік аудан атандық. Бұл жетістіктеріміздің барлығында сіздердің қосқан үлестеріңіз мол.
Биылғы жылы да біздің алдымызда тұрғындардың өмір сапасын арттыру, инженерлік және инфрақұрылымдарды дамыту, инвестиция тарту сияқты аса маңызды міндеттер тұр. Біз ер-азаматтар, Сіздердің қолдауларыңызбен бұл міндеттерді шешу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз деп сенім білдіреміз.

Ардақты аналар, қымбатты арулар!

Сіздерді ауданымыздың ер азаматтары атынан мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
08 наурыз 2024 ж. 237 0