Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газдалған тәтті сусындардың зияны

Газдалған тәтті сусындардың зияны



Адам ағзасының 60 пайызы судан тұрады. Әр адам күніне 1-2 литр су ішу керек, дегенмен қазіргі таңда жеткіншектердің көбі кәдімгі таза судан көрі газдалған тәтті суларды ішуге құмар, ал оның құрамы денсаулыққа зиян, түрлі бояғышпен қоспаларға толы екенін ескере бермейміз. Бұл асқазан, ішек жолдарының ауруларына алып келуі мүмкін, ең бірінші гастрит ауруы, немесі өт жолдарының іркілу ауруларына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде газдалмаған, немесе минералданған, бірақ газдалмаған сусын пайдаланғаны дұрыс. Газдалған тәтті сусындар шөлді қандырмайды, қайта онан сайын шөлдетіп, қосымша су ішкізе береді. Сондықтан еш қоспасыз таза суды ішкен дұрыс. Қазіргі кезде көпшілігінде  сүзгі бар (филтр), ол  суды да пайдалануға болады, өйткені оның құрамы әртүрлі бактериялардан, қандай да бір бөгде заттектерден толық тазаланады. Ал болмаған жағдайда кәдімгі суды бір рет қана қайнатып, 100 градусқа дейін жеткізіп, құрамындағы зиянды заттектерден толық арылтып, тұнбасын отырғызып, соны ғана сусын етіп пайдалануға болады. Бір суды бірнеше рет қайнатуға болмайды. ХIХ-шы ғасырдың ортасында газдалған сусынды фармацефттер бас ауруы мен суық тигенді емдеу үшін дәрі ретінде ойлап тапқан, кейін химия саласының ғалымдары жемістердің дәмін қосып тәтті су дайындайды, міне сол уақыттан бері газды сулар үлкен, кішінің сүйікті сусынына айналды. Өкінішке орай газдалған сусынды жиі тұтынатындар қант диабетіне шалдығып, семіздікке жиі ұшырайды, сондай-ақ оның құрамындағы бояулар тістің сарғайып, тез түсуіне ықпал етеді. Созылмалы ауруы бар адамдар мен балаларға газдалған сусынды ішуге болмайды, сондықтан да денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Г.Мамбетова,
аудандық СЭББ бас маманы
05 наурыз 2024 ж. 246 0