Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

БӨРІСЫРҒАҚ

Желі біткен ертеңнен бастап, ауа райы күрт өзгеріп, күн қатты суытатынын жариялап жатыр. Дұрыс. Ескертіп жатыр. Жалпы, 14-ақпан шетелдің шығарған "Ғашықтар күні" болса, ақпанның 17-23 аралығы бұрқасын боранда арландардың "махаббат машақаты". Бұны байырғы қазақ "Бөрісырғақ Party" деп атаған. Қазіргі тілмен айтқанда, Гендер пати ғой).
Яғни, ақпан айы ортасынан ауа сырғақты қатты боран соғатын болған. Ат құлағы көрінбейтін осы боранды күндерде қасқырлардың ұйығуы басталады. Дала көкжалдары осы боранда жұптасып, 62 күннен соң қасқыр бөлтірігін өмірге әкеледі. Сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көнекөз қариялар бұл амалдың атауын осы бөрілер мен сырғақты боранға байланысты «Бөрісырғақ» деп атаған.
Сол айтайын дегенім, Қырдағы малға қырағы болыңыздар. Үскірік аяз аямайды. Бұл күндері малды ұзатпай, қыстау да ұстаған абзал дейді жергілікті төтеншелік мамандар. Қайбір жылы қырылып қалғаны бар отар-отар мал. Бұл күндері қасекеңдердің көзіне көрінбеген абзал. Олар жолына кездескеннің бәрін жайратып салады...
16 ақпан 2024 ж. 190 0