«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МӘМС жүйесіндегі берешек салдарынан сақтандырылған мәртебесін ала алмай жүрсеңіз...

МӘМС жүйесіндегі берешек салдарынан сақтандырылған мәртебесін ала алмай жүрсеңіз...


Осы күнге дейін МӘМС-ке бір де бір рет жарна төлемеген немесе өткен 12 айда берешегі көп азаматтар алдағы бір жылға төлем жасап, сақтандырылған мәртебесін ала алады. Ал бірнеше ай берешегі барлардың қарызды ғана жауып, МӘМС қатысушысы болуына мүмкіндік бар. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов толығырақ айтып берді.
Әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық көрсеткіштері болса, барлық көмекті толық көлемде алуға құқылы. МӘМС пакеті пациенттерге қажет негізгі медициналық қызметтерді қамтиды. Атап айтар болсақ, бейінді мамандардың кеңесі, қымбат анализдер, диагностикалық зерттеулер, консультациялар, сонымен қатар жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар және т.б. қызметтер кіреді. Бұндай операциялардың көбі бірнеше миллион теңге тұрады. Ал азаматтар ай сайын дербес төлеуші ретіңде жарна төлеп, осы қызметтерді қосымша қаржы төлемей-ақ ала алады.
Сонымен, қай кезде мәртебе берілмейді  және оны қалай алуға болады?
Түсініктірек болу үшін бірер мысал келтірейік.
1-жағдай. Бір азамат 2023 жылдың тамыз айында ресми жұмысқа тұрды делік. Сол кезден бастап қызметкер үшін төлемнің екі түрі түсе бастады:
1) аударымдар – жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді. 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3 пайызын құрайды. Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 ЕТЖ-ның 3%-нан аспауы керек (3%*10*70000=21000 теңге);
2) жарналар – жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан 2% ұстайды. Бұл ретте аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 ЕТЖ-ның 2%-нан аспауы тиіс (2%*10*70000=14000 теңге). 
            2024 жылдың ақпан айында осы кісі емханаға дәрігердің қабылдауына барса, мәртебесі сақтандырылмаған екенін біледі. Ол ресми жұмыс істейтінін әрі жұмыс беруші қажет төлемдерді уақтылы аударатынын айтып, себебін сұрайды.
Белгілі болғандай, жұмысқа орналасқанға дейін бұл адам МӘМС жарналары мен аударымдарын мүлдем төлемеген. Ал «МӘМС туралы» заңға сай, азаматтың өткен немесе алдағы 12 айға төлемі болуға тиіс.
Азаматтың 6 айға төлемі бар, 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қантар айына дейін. Бұл жағдайда не істеу керек? Мәртебе алу үшін 2023 жылдың жетіспейтін айлары үшін, яғни қаңтардан шілдеге дейін (қоса алғанда) 3 500 теңгеден айма ай төлем жасау керек (2023 жылы дербес төлеушілер төлейтін жарна көлемі осындай болды). Сақтандырылған мәртебесі төлем жасалған соң 3 жұмыс күннің ішінде беріледі.
2-жағдай. Бір ұйымда екі жыл жұмыс істеген қызметкер жұмыстан шығып қалды делік. Қазір оған невропатолог  кеңесі мен УДЗ өту керек. Бірақ ол екі айдан бері басқа жұмысқа тұрмағандықтан әрі МӘМС жарналарын төлемегесін бұл медициналық көмекті ала алмаймын деп ойлайды.
Бұл азаматқа алаңдауға негіз жоқ. Себебі өткен 12 айға төлемі бар адамның алдағы 3 ай бойы мәртебесі сақтандырылған болады. Ол осы уақыт ішінде жұмысқа тұрып немесе дербес төлеуші ретінде МӘМС үшін төлем жасауын жалғастыра алады. Тек берешек қалыптасқан айларды жабуы керек. Сонымен қатар, ресми жұмысқа тұрғанша дербес төлеуші ретінде МӘМС-ке жарна төлеуді жалғастыруға болады.
3-жағдай. Жазда ғана табыс табатын маусымдық жұмысшылар не істеу керек? 2023 жылдың сәуір-қыркүйек айларына жарна төленген, бірақ азаматтың мәртебесі «сақтандырылмаған».
Маусымдық жұмысшылар жылына 6 ай жұмыс істеулері мүмкін. Әрі қарай олар сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін МӘМС жарналарын жеке жеке әр айға дербес төлеуші ретінде төлеп шығуы керек.
Дербес төлеушілер үшін 2024 жылы жарналардың мөлшері 4 250 теңгені құрайды.
Жарнаны қалай төлейді?
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» кассалары арқылы төлеуге болады.
Жарнаны қате төлеп қойса, не істеу керек?
Төлемдерді шатасып басқа мерзімге төлеп қойған азаматтар ақшасын қайтарып ала алады. Ол үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, түбіртектерді қоса тапсыру қажет.
Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
30 қаңтар 2024 ж. 163 0