Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Медициналық көмекті қаржыландыру туралы есеп: ӘМСҚ 2023 жылы ауыл медицинасына қанша қаражат бөлді?

Медициналық көмекті қаржыландыру туралы есеп: ӘМСҚ 2023 жылы ауыл медицинасына қанша қаражат бөлді?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысымен бөлісуін жалғастырады.  Келесі есебіміз ауылдық жерлерде көрсетілген медициналық қызметке арналады.

2023 жылы аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар медициналық қызметтерді көрсету үшін 600 млрд теңге көлемінде қаражат алды. Аталған қаражат алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарларда емдеуге жұмсалды. Осы қаражаттың 40%-ы МӘМС активтері болып табылады.
1 млн-ға жуық тұрғын аудандық ауруханалардағы тәулік бойғы және күндізгі стационарларда ем алды. Тиісті қызметтерге әлеуметтік сақтандыру қаражаттарынан 102 млрд теңге бағытталды. Қалалық, облыстық көпбейінді ауруханаларда және мамандандырылған стационарларда 700 мыңға жуық ауыл тұрғындарына 213 млрд теңгенің медициналық көмегі көрсетілді. Оның ішінде 21 млрд теңгеге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілгенін айта кету керек. Сонымен бірге 88 мың ауыл тұрғындары 21,5 млрд теңге МӘМС қаражатына медициналық оңалтудан өтті.
7,7 млн қазақстандық ауылдық емханаларға тіркелген. 2023 жылы емханаға жүгінушілерің саны 53 млн-ға жетті. Олардың төрттен бірі профилактикалық мақсатта қаралды, бұл былтырғы дәл осындай көрсеткіштен 1,5 есе көп. 2 млн-ға жуық ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден өтіп, ТМККК бойынша 5,4 млрд теңгенің 8 млн-ға жуық қызметін алған. Оның ішінде: бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу және қуықасты безі органдарының ауруларын ерте кезеңде диагностикалау үшін кеңейтілген скрининг.
МӘМС қаражатынан 5,6 млрд теңге КТ және МРТ зерттеулеріне бағытталды. Жалпы алғанда, жарты миллиондай қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 207,4 мың КТ және 238,2 мың МРТ. Сонымен қатар, былтыр ауыл тұрғындарына 483,6 мың қызмет қашықтан көрсетілді. Бұл мақсатқа ТМККК және МӘМС-тен 1,2 млрд теңге бағытталды.
МӘМС жүйесі бойынша 5,1 млрд теңгеге ауыл тұрғындарына автомобильдік жылжымалы медициналық кешендермен 1,7 млн қызмет көрсетілді. Дәл осындай теміржолдағы кешендер 3,6 мың елді мекенді қамтыды: 80 мың тұрғынның денсаулығын тексеруге әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатынан 768 млн теңге жұмсалды.
23 қаңтар 2024 ж. 240 0