№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТМККК және МӘМС пакеттері: айырмашылығы неде?

ТМККК және МӘМС пакеттері: айырмашылығы неде?


Сақтандыру медицинасының басталуымен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлағандай, егер 2020 жылы жоспарланған нақтыланған бюджет 62,7 млрд. теңгені құраса, 2022 жылы облыстың 61 медициналық ұйымымен (30 - мемлекеттік, 31 - жеке) 84,3 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды (ТМККК-51,1 млрд. теңге (60,6%), МӘМС-33,2 млрд. теңге (39,4%)). Осылайша, қаржыландыру 21,6 млрд теңгеге немесе 2
5,6% - ға өсті.

Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, сізге мемлекет кепілдік береді.
Бұл пакетке:
  • паллиативті көмек
  • туберкулез кезіндегі медициналық оңалту
  • Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді
  • созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
  • инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.
МӘМС – бұл:
  • салалық мамандардың кеңестері
  • диагностикалық тексерулер
  • амбулаториялық деңгейде емдеу
  • күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу
  • қымбат тұратын медициналық қызметтер
  • медициналық оңалту
  • дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС
Егер ТМККК және МӘМС пакеттеріне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз оларды жергілікті дәрігерге немесе өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Сондай-ақ, ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

12 қазан 2022 ж. 864 0