Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мәдениет саласындағы маңызды қадамдар

Мәдениет саласындағы маңызды қадамдар



Сыр мәдениеті күн санап даму үстінде. Облыс орталығындағы мәдениетіміздің мерейін өсіру жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды көзбен көріп, алдағы жоспарланған жұмыстарға қанығып қайттық. Өткен жылы аймақ басшысының тікелей қолдауымен пайдалануға берілген "Отбасы орталығы" мен "Анаға тағзым" орталығының ішкі мүмкіндіктерімен таныстық.
Онан соң, "Қалалық Жастар театры" мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлері қатарындағы алтын әшекейлі "Сығанақ ханшайымы" мен алтын киімді "Шірік-Рабат сақ жауынгері" экспозицияларын тамашалау бақыты бұйырды. Сондай-ақ, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың мәдениет саласына деген шынайы жанашырлығының арқасында өткен жылы тұсауы кесілген облыстық симфония оркестрінің жаңа бағдарламасын тыңдап рухани қуаттандық. Осы жылы Өнер орталығы пайдалануға беріледі, сондай-ақ өңіріміздің барлық аудан орталықтарында руханият орталықтары бой көтеретіндігі баршамызды қуантады. Сыр өнері өрістей берсін, мәңгілік мұра саналар төл мәдениетіміздің тұғыры биіктей берсін!

                                                                                  ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыс ақыны ӘБІЛҚАЙЫР ӘБІЛПАТТА
21 қаңтар 2024 ж. 313 0