№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауданда "Руханият" орталығы салынады

Ауданда "Руханият" орталығы салынады



Облыс әкімінің бастамасымен жуырда Қызылорда облысының 7 ауданында, соның ішінде біздің ауданда да музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары сынды бірқатар тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталығы салынбақ. Ғимараттың құны шамамен 1,5-1,8 млрд. теңгені құрайды.
Барлық ұйымдарды бір ғимаратқа біріктіру арқылы бюджет қаржысы үнемделеді. Тағы бір пайдалы тұсы – ақсақалдар мен жастар бір-бірімен араласып, бірлескен жобаларды жүзеге асырады, жас буын үлкендердің ақылын тыңдап, тәжірибе алмасады. Мұндай орталықтың бой көтергені бірнеше нысан салғанға қарағанда әлдеқайда тиімді.
Әрқайсысын бөлек салғанда әрбіріне 1 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалады, әрі қарай оны күтіп-ұстауға да шығын кетеді. Бір ғимарат ішінде мәдени-көпшілік шаралар, концерттер, мерекелік кештер өткізу оны тұрғындар жиі келетін мәдениет ошағына айналдырады. Осылайша, Сыр өңірінде қай жағынан да ұтымды, бірегей жоба қолға алынбақ.
21 қаңтар 2024 ж. 483 0