№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды



Синоптиктер 14 қаңтарда Астанада, Шымкентте және тағы 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с. Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
12 қаңтар 2024 ж. 167 0