№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ДСМ: былтыр шамамен 2.8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өтті

ДСМ: былтыр шамамен 2.8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өтті

2023 жылы еліміздің бастауыш медициналық ұйымдарында 90 млн-нан астам қаралушы тіркелген, бұл алдыңғы жылғы жүгіну санынан 10%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Скринингтік тексерулермен 2,8 млн ересек адам, оның ішінде 1,1 млн ауыл тұрғыны қамтылды. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды, зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейіп, олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті.
Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.
Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат көлемі 2 еседен астам ұлғайды, ол бүгінде 237 млрд теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі – 272-ден 347-ге дейін кеңейтілді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 МСАК объектісі салынып, 80 бастапқы буындағы объекті жөнделді.
Бүгінгі таңда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.
11 қаңтар 2024 ж. 305 0