Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Депутаттар елмен дидарласты

Депутаттар елмен дидарласты


Сыр өңірінің өркендеуі жолында, халықтың әлеуметтік жағдайын саралап, елдік мүдде мақсатында қызмет етіп жүрген бірегей азаматтардың көшінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев пен ҚР Парламентінің Cенат депутаты Руслан Рүстемов бастаған делегация Жаңақорған ауданына іс-сапармен арнайы келді. Ел игілігі жолында салынып жатқан бірқатар мемлекеттік нысандардың құрылыс объектілерін аралады.

Елмен етене араласып, халыққа қалтқысыз қызметімен танылып жүрген халық қалаулыларының ауданға арнайы іс-сапарында Үкімет тарапынан қолдау тапқан бірқатар бағдарлама аясында түсіндірме жұмысын жасады.
Алдымен, М.Нәлібаев ауылдық округіндегі спорт кешеніне тоқтады. Ғимарат құрылысы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып, 2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Бүгінде спорт кешенінде 17 қызметкер жұмыс жасайды. Үш секция бар: қазақ күресі, дзюдо, үстел теннисі жұмыс жасайды. 100-ден астам бала спорт секцияларында жаттығады.
Осы нысанның жұмысымен танысқаннан кейін ауданның бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен, аудан тұрғындарымен кездесті.
Халық қалаулылары мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген конституциялық реформалар мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалар, Парламентте қаралып жатқан Заң жобалары, облыс әкімінің қолдауымен өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өрбіді.
Кездесуге қатысқан ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің атынан сөз алған «Жаңақорған-Агросервис» ЖШС-нің басшысы Рахымбаба Құтыбаев ауданды аяқ сумен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Көктөбе ауылының тұсынан жаңа су тоспасын салуды, ауданда күріш дақылын ауыспалы танаптарда егу үлесін өзге аудандармен шамалас деңгейге жеткізіп егуге мүмкіндік беру, әр аймақтың топырақ құнарлылығын зерттеуден өткізіп, соның қорытындысына сәйкес егіске қажетті су лимиті көлемін қайта қарау мәселелерін шешуді сұрады.

– Биыл Парламентте қаралатын жаңа Су кодексі жобасында аяқ су тарифтері қайта қаралуы тиістігін, сонымен бірге Сенат депутаты ретінде өз тарапымнан жуырда ғана Ғылым және жоғары білім, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне Сыр өңірінде топырақ құрамын зерттейтін арнайы лаборатория ашу қажеттігі жөнінде депутаттық сауал жолдадым. Осы сауал қолдау тапса, сөз жоқ, Сыр өңірінде бірқатар елді-мекендегі аяқсу мәселесі оңтайлы шешім табар еді. Бұл уақыт төрелігіндегі мәселе, – деп жауап қатты Руслан Рүстемұлы.

Бұл лаборатория ашылса оның басты мақсаты - ғылым мен өндірістің арасында байланыс орнайды. Әрі аймақтың жетекші ғалымдары зерттеулер жүргізіп, студенттер заманауи цифрлық құрылғылармен жұмыс істеуді үйренеді, өндіріс орындары мамандарының біліктілігін арттыруы қарастырылар еді.
Алайда бүгінгі таңда Қазақстанда 2019 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде еуропалық стандарттарға сәйкес келетін топырақты зерттейтін бір ғана зертхана бар және аккредиттелген зертхана негізінен Солтүстік Қазақстан облысын қамтитын шаруашылықтарда топыраққа зерттеу жүргізеді.
Басқосуда депутат Рулан Рүстемұлы Сыр өңірінің экологиясын және табиғи ерекшелігін ескере отырып, осындай зертхананы Сыр өңірінің өзінде ашу қажет деп санайтынын ашып айтты. Оның негізгі мақсат-міндеттерін сөз етсек, біріншіден, АӨК саласында оқу, тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асырады. Екіншіден, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, тұзға төзімді дақылдардың сорттарын шығарады. Үшіншіден, топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізу және астықтың технологиялық және биохимиялық сапасын анықтау. Төртіншіден, ауыл шаруашылығы, агрохимия, селекция, ауыл шаруашылығы дақылдары саласында, оның ішінде облыстың агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) мамандарының біліктілігін арттыру шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау (агрономдар, селекционер-ғалымдар, астық сапасы мен өңдеу жөніндегі технологтар және т.б.).
Зертхананың құрылуы өңірде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, облыс тұрғындарының әл-ауқатының деңгейін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жаңа жұмыс орындарын арттыруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, аймақтық ақпараттық-кеңес орталы­ғы құрылады, ол, өз кезегінде ауыл шаруашылығы ұйымдарына топырақ құнарлылығын арттыруға, тың­айтқыштарды оңтайлы пайдалануға, сортты таңдау бойынша ұсыныстар беруге, ауылшаруашылығы да­қылдарын сынау және шығаруға, тиісті ресми құжат­тармен қамтамасыз етуге, оларды өсірудің агротехнологиялық стандарттарына сәйкестігін ғылыми қамтамасыз етуге ықпал етпек.
– Бұл мәселе бойынша салалық министрліктердің ұстанымы жуырда нақтыланады деп санаймын. Сондай-ақ 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Сенаттың пленарлық отырысында Сыр бойы және Арал өңіріндегі су қоры проблемасының бірқатар өзекті мәселелері жөнінде ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдадым, – деді Р.Рүстемов.
Депутаттық сауалнамада көтерілген мәселелердің қатарында Келінтөбе магистральдық каналының бас құрылысы ауданында Сырдария өзенінің арнасында су өткізгіш канал мен су тоспасын салуға қатысты, атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистральдық каналының бойында орналасқан 30 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистральдық каналына су беретін каналдың құрылысы» жобасын іске асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлегенін, оған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар екенін көрсетті.
Жобада өзеннің жоғарғы ағысынан ұзындығы 6,1 шақырым айналма канал жүргізу және Келінтөбе магистральдық каналына қосымша 11-20 м3/с су беру көзделген. Аталған объектіні салу үшін 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қаржыландыруға 460 млн теңге көлемінде қаражат көзделген.
Сондай-ақ Үкімет тарапынан Көктөбе тұсында Су тоспасын салу жобасын қаржыландыру мәселесі бюд­жет заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатыны көрсетілген. Ал Келінтөбе магистралды каналына су беретін каналдың құрылысын салу жұмыстары осы жылдың қаңтар айында жоспарланған.
Халық қалаулылары аталған мәселелерді одан әрі шешу мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп жүйелі жұмыс атқаратынын сөз етті.

Мақпал МАРҚАБАЙ
09 қаңтар 2024 ж. 247 0