Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық қалаулысы ел ішінде

Халық қалаулысы ел ішінде


Сыр өңірінің өркендеуі жолында, халықтың әлеуметтік жағдайын саралап, елдік мүдде мақсатында тер төгіп жүрген бірегей азаматтардың көшінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаевтың есімі ерек. Өйткені, ол мемлекеттік қызметте шыңдалып, үлкен тәжірибе жинаған іскер азамат. Елдік мүдде жолында атқарған арқалы жұмысы ұшан-теңіз. Елмен етене араласып, халыққа қалтқысыз қызметімен танылып жүрген облыстық мәслихат депутаты ауданға арнайы іс-сапармен келіп, түйіткілді мәселелерді ортаға салды.


Халық қалаулысы Мұрат Ергешбаев әуелі Бірлік ауылына соғып, ауыл тұрғындарының басты мәселесіне айналған мектептің жағдайымен танысты. Көптен бері құрылыс жұмысы тоқтап тұрған №55 мектептің мәселесін қолға алды. Күрделі жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде ақшасы аударылмай аяқсыз қалғанын сөз еткен аудандық мәслихат депутаты Бақыт Берділлаев білім ошағының құрылыс жұмысы қайта жанданса деген ойын жеткізді.
Бұған дейін де қызмет барысында осындай жағдайдағы мәселелерді оңтайлы шешіп, тәжірибе қалыптастырған Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев тараптардың мәмілеге келіп, шығынсыз шешім табудың маңыздылығын айтты. Бір сөзбен қайырсақ, көтерілген мәселе ең бірінші мердігер тарапынан ортақ мәмілеге келгеннен кейін шешілетінін түсіндіріп, бұл істі назарда ұстайтынын ескертті.
Жаңақорғанда ерекше атап өтетін іс – 50 үйдің құрлысы. Аудан әкімінің бастамасымен тұрғындарға арнайы баспаналар бой көтеріп, оның 75 пайыз жұмысы бітіп тұр. Күз айында 50 отбасына кілті табысталатын құрылыс жұмысы қызып тұр. Қаз-қатар тігілген баспана алаңына арнайы атбасын бұрған Мұрат Ергешбаев мердігер-кәсіпкерлермен жүздесті. МАИ бекеті ықшам ауданында әлеуметтік осал топ мүшелеріне арнап салынып жатқан 50 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын кәсіпкер Данияр Досантаев жүргізуде. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасының іске асып жатқанын көзбен көрген халық қалаулысы әр баспананың сапасына мән беруді жете тапсырды.
Мұрат Нәлқожаұлының келесі кездесуі "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалында жалғасты. Мұнда аудандық маслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдегі саяси-экономикалық жаңалықтарды сөз етіп, әріптестерінің сауалдарына жауап берді. Басқосуда аудандық мәслихат депутаты Бақыт Бексұлтанұлы Бірлік ауылындағы №55 мектеп мәселесін бірлесе көтеруді, ал Жасұлан Бекенұлы ауданның экологиялық аймаққа жататынын ескеріп, экологиялық төлемді 30 пайыздан 50 пайызға көтеруді ұсынды. Қожакенттік депутат Изатулла Ергешұлы Сыр беткейде дария жағалауына су топсасын салудың қажеттілігін айтты. Ал, Серік Абдужаппарұлы ауылшаруашылығына бөлінетін субсидия, оның ішінде жем-шөп мәселесінен шаруалардың құр қалып жатқанын айтып, осы мәселеге назар аударуды сұрады.
Депутат болу мандат ғана емес тұтас бір елдің мүддесіне қызмет ету. Іскерлік, еңбекқорлық, қажыр-қайраттылықты талап ететін қызметті абыройлы атқарып, елдің өзекті мәселесін шешу жолында табандылық танытып жүрген халық қалаулыларының бұл жолғы сапарынан түйгеніміз, бірлік пен ынтымақтың ұйысқан жерге береке орнығады.

Мақпал МАРҚАБАЙ
08 тамыз 2023 ж. 245 0