№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЕЛ МҮДДЕСІ – ЕР МІНДЕТІ

ЕЛ МҮДДЕСІ – ЕР МІНДЕТІ

Сыр өңірінің өркендеуі мен тұрақты даму жолында Мархабат Жайымбетовтің есімі ерек. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Парламент мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы ауыл-аймақты аралап, күрмеулі мәселелерді биік мінберлерде көтеріп, шешімін табуға бар күш-қайратын арнап жүрген тұлға. Мақсаты айқын депутат Жаңақорған жұртшылығының мәселесін тыңдауға арнайы ат басын бұрған еді.

Елшіл азамат ең алдымен Өзгент ауылында болып, ауылда салынып жатқан Өзгент клуб үйінің құрылысымен танысты. Одан соң, «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының мәжіліс залында арнайы қоғамдық қабылдау өткізді. Өткір мәселелерді билік алдында жасырмай айтып, ақ-қарасын ажыратып, ел игілігі жолында қайсар қалпынан танбаған тұлғаның ауданымызға келетінін естіген ел партия штабына жинала бастады.
Қоғамдық қабылдауға үлкен үмітін арқалай келген кәсіпкер Эльмира Ділматаева Қожамберді ауылындағы құрылысы аяқталған спорт кешенін ел игілігіне жарата алмай жүргенін ашып айтты. Халық қалаулысы облыстық спорт басқармасының оң шешімін ала алмай жүрген кәсіпкердің ісін жауапты мекемеге жолдайтынын жеткізді. Аудандық жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Әшимов бірнеше мәселе төңірегінде сөз қозғады. Аудандық төтенше жағдайлар жұмысына кері әсерін беріп тұрған мәселелерді жіпке тізе өтті. Аққұм станциясында орналасқан казгидромедстанциясының мәліметі мен жергілікті жердің ауа райының көрсеткіші әр-қилы болуы, аудан көлемінің кеңдігіне сай бірнеше гидростанция немесе пунктер салу, жаңа аппараттармен жабдықтау жөнінде ұсынысын айтты. Әскерге шақырылған азаматтардың мәселесі бойынша, колледж студенттерін әскерге алу ісін жүзеге асыру, әскери өмір жайлы жағымды жаңалықтарды кеңінен ақпараттандыру секілді мәселелердің өзектілігін түсіндірді. Уақыт белдеуінің Жаңақорған жұртына өте қолайсыздығын түсіндірді. Аудандық жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Әшимовтің бірнеше ұсынысын қолдаған парламент мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құзырлы органдарға құлақдар ететінін айтты.
ТҮЙІН. Соңғы айда бірнеше парламент мәжілісінің депутаттары өздері сайлаған өңірдің халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдап, оң шешілуіне атсалысатындарын айтты. Аймақтардағы шешілмей жатқан негізгі мәселелерге үн қатып, ел мүддесі жолында еңбек етеді деп сенеміз. Халық қалаулылары жоспарларын орындап, жаңа міндет арқалап, жаңа тыныс, жаңа қарқынмен жұмыстарын жандардырса игі.
Мақпал МАРҚАБАЙ
24 тамыз 2023 ж. 1 337 0