Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТРАКТОРШЫ ДАНИЯР ҚАЛАЙ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АТАНДЫ?

ТРАКТОРШЫ ДАНИЯР ҚАЛАЙ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АТАНДЫ?

Данияр – отбасында ата-анасының кенжесі. Бүгінде оның есімі жаңақорғандықтарға жақсы танымал. Жас кәсіпкер санатындағы жігітті көпке танымал еткен қайырымдылық істері. Құрылысшылық кәсіптің көзін жақсы білетін Даниярдың басшылығымен соғылған он төртінші үй баспанаға зәру, аз қамтылған, сондай-ақ ата-ата анасынан айрылған жетім отбасыларының еншісіне тиді.
Кәсіпкер азаматтардың жәрдеміне кіріптар болып бұлардың әрбір ісіне батагөй болып отыратын жанұя мүшелерін жаңа үйге кіргізіп, әрбірінің жүрегі жарылардай қуанышын көзбен көрген күні Даниярдың иығынан ауыр бір жүк түскендей алапат сезімді бастан кешетіні бар. Өзін қоярға жер таппай, жүректегі қордаланып қалған салмақ – аяу ма, есіркеу ме, өзіне де беймәлім сезімнің ауанынан арылу үшін ешкім көрмейтін оңаша жерді тауып рахаттанып отырып ағылтегіл жылап алады екен. Кісі қорыққанда бір, қуанғанда бір жылайтын еді, бұл жігіттің мына көз жасының сырын біреу бәлен деп түсіндіріп бере алмас еді. Сөйтсек, бұл шүкіршіліктің көз жасы екен. Жалғыз өзі ғана емес, көптеп-көмектеп жанында жүрген бауырлары, достары, жақынжуығы болып, санаспай-есептеспей қолдан келгенімен жұмыла жәрдемдесіп, қаншама қолы қысқа, кемтар бауырдың басына бір - ақ күнде бақыт орнатып беріп жатыр. Бұған қалай жүрек шіркін тербелмесін, тебіренбесін. Таптаза ниеттің игілігіне ел болып қуанып жатқанда соның сәулесі жұдырықтай жүректі ысытыпсуытып, жанардан мөлдір жас болып төгіліп, тәубесін бекемдеп және бір жақсы іске тәуекел етіп барып жас жаны тыншыр еді. Бұл бір өзі мінезділіктің де белгісі болса керек. Титтейінен біреуге көмектеспесе, болыспаса жаны жай таппайтын болмысын достары да жақсы біледі екен. Өзінің тұлға бітімі де зор, көп сөйлемейді, сөйте тұра жүрегі сонша жұмсақ. Әжесі Базаркүлдің қайырымдылық қадір-қасиеттері жөнінде көз көргендерден естіп-біогенінде жүрегін ерекше мақтаныш кернеген. Ал нағашы атасы Ысқақ беделі зор, «Би бол, би болмасаң да би түсетін үй бол» деген ұстаныммен өмір сүрген айналасына абыройы асқан ақсақал болып өткен екен өмірден. Солардың ұрпағы болып келетін Даниярдың «Аташ ауылының атаманы» деген лақап аты болыпты. Атаман деген атақ тегіннен берілмейді, қарауындағы сексен бала айтқанына тұрып, айдағанына жүрді деген сөз. Дегенмен бұзық болып біреудің басын жарып, мұрнын бұзып жатса бүгінгідей дәрежеге қалай қол жеткізуге болады?
04 қаңтар 2024 ж. 337 0