№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 229 мың автокөлік заңдастырылды

Қазақстанда 229 мың автокөлік заңдастырылды

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден жеткізілген 229 мың автокөлік заңдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат


«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру іске асырылды. Жалпы 229 мың автокөлік заңдастырылды. Бұл ретте өтінімді уақытылы берген және белгіленген мерзімде автокөлікті заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына заңдастыру құқығы биылғы 1 шілдеден кейін де жалғасты», - делінген Ішкі істер министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.
Атап айтқанда, заңдастыру барысында қосымша келесі мәселелер шешілді:
1) қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген автокөліктерді есепке қоюға рұқсат етілді (иеліктен шығару және елден тыс жерлерге әкету құқығынсыз – осындай 18,7 мың көлік тіркелген).
2) ЕАЭО елдерінде есептен шығарылмаған автокөліктерді заңдастыру үшін оларды 5 жылға уақытша есепке қою арқылы кейінге қалдыру құқығы берілді (мұндай 34,9 мың автокөлік уақытша есепке қойылды).
3) үшінші елдерден әкелінген және заңдастыру аясында кедендік тазартудан өтпеген автокөліктер үшін экологиялық талаптарға сәйкестігін растау міндеті алынып тасталды.
Еске салсақ, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайды.
26 қыркүйек 2023 ж. 178 0