«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Дипломмен ауылға» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы



ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие мен көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатын мамандықтар тізімі нақтыланды. Естеріңізде болса, осыған дейін нақтыланған мамандықтар тізімінде жалпы тәжірибелі дәрігерлер болса, жаңа оқу жылының басталуына орай қосымша тізім жасақталды.

Тізбеде қалыптасқан мамандық иелерінен құжаттарды қабылдаудың бизнес-процесі оңтайландырылды. Ендігі кезекте құжаттарды қабылдау «Халыққа қызмет көрсету орталығы» немесе "Электрондық үкімет" веб-порталымен жүргізілмейді. Тиісті құжаттарды қабылдау онлайн негізде «Отбасы банк» АҚ-ның http://xn--tbasybank-z2h.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы» арқылы жүзеге асырылады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда бағдарламаның атқарушы органы Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөліміне хабарласуға болады. (8-724-35-30-0-94)

ҰСЫНЫЛҒАН МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ

1. Қандөз ауылдық округі, Қандөз дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер -1 маман

2. Келінтөбе ауылдық округі, Келінтөбе дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1 маман

3. Аққорған ауылдық округі, Аққорған дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер - 2 маман

4. Қожакент ауылдық округі, Қожакент дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1 маман

5. Сунақата ауылдық округі Сунақата дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1 маман

6. Жаңақорған кенті, Аудандық емхана, УДЗ дәрігері - 1, Ангиохирург - 1, Дәрігер оторинларинголог - 1 маман

7. Аққорған ауылдық округі, №209 орта мектебі, Математика пәні мұғалімі - 1 маман

8. Ақүйік ауылдық округі, Бірлік дәрігерлік амбулаториясы Мейірбике - 3 маман

9. Байкенже ауылдық округі , Байкенже дәрігерлік амбулаториясы Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1 маман

№193 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі - 1 маман

10. Жайылма ауылдық округі, №195 мектеп-гимназиясы, Бастауыш сынып мұғалімі - 1, Орыс тілі пәні мұғалімі - 1 маман

11. Келінтөбе ауылдық округі, №192 орта мектебі, Ағылшын тілі пәні мұғалімі - 1 маман

12. Қожамберді ауылдық округі , №162 орта мектебі, Қазақ тілі пәні мұғалімі - 1 маман

13. Сүттіқұдық ауылдық округі, Сүттіқұдық дәрігерлік амбулаториясы Мейірбике - 1 маман

14. Талап ауылдық округі, №247 орта мектебі Орыс тілі пәні мұғалімі - 1 маман

15. Төменарық ауылдық округі, Төменарық дәрігерлік амбулаториясы Акушер - 1 маман

16. Төменарық ветеринариялық пункті, Ветеринариялық дәрігер - 1 маман

17. Шалқия кенті, №86 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі - 1, физика пәні мұғалімі - 1,
математика пәні мұғалімі - 1 маман

18. «Шалқия» дәрігерлік амбулаториясы, Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1, мейірбике - 1 маман

Барлығы 28 маман
14 қараша 2023 ж. 180 0