№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Автонарықта арзан көлік көбейді

Автонарықта арзан көлік көбейді

Кейінгі кезде елімізде автокөліктердің арзандап жатқаны туралы жиі естиміз. Бұған нарыққа көптеген жаңа маркалардың келуі әсер еткені даусыз. Десек те, автонарықта проблема жетерлік. Соның бірі – ескі темір тұлпарлардың басым бөлігі әлі құнын жоймады, яғни, халық арасында жаңа маркаларға сенім аз. Сұраныс бар жерде жоғары баға да бар деген тенденция шындығы осы салада байқалады.
Қытайлықтар көзқарасты өзгертті

Қазақстан автонарығын сөз еткенде қытайлық көліктерді айтпай кету мүмкін емес. Себебі жаңа әрі арзан көліктерді ұсыну арқылы салаға жаңа серпін берді. Мәселен, 7 млн теңге тұратын Chery Tiggo 2 көлігі алғаш елге келгенде екі күннің ішінде саудаланып кетті. Ал Changan Uni-V машинасы 12 млн теңгеге бағаланса да, көпшілік оның Toyota Camry 70 көлігінен артықшылықтары көп екенін айтуда. Енді салыстыру ретінде айтайық, мәселен, елімізде зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан Toyota Camry 30 және 35, Mercedes маркасы жағдайына қарай 5-6 млн теңге аралығында саудаланып жүр. Ал оның қасында қытайлықтар тиімді нұсқа ұсынуда.
Қытай көліктеріне сұраныс артқанын статистикалық деректер арқылы аңғаруға болады. Мысалы, биыл алғашқы 5 айда көрші елден 16 333 көлік әкелінген. Бұл дегеніңіз бүкіл 2022 жылдың көрсеткішінен 12,5  мыңға артық. Ақшалай есептесек, импорт көлемі 292 млн долларға жуық. Былтыр жылдық қорытынды 184 млн долларға ғана жуықтаған. Сөйтіп Қытай қазір Қазақстан автонарығының негізгі жеткізушісіне айналды. Дәл осы секілді бірде-бір елден мұнша көп көлік әкелінбейді. Одан кейінгі тұрған АҚШ-тың өзі­нен биыл 6 айда 10 200 көлік жет­кізілген. Ал былтырғы жыл­дық көрсеткіші 8900 көлік болатын.
Әйтсе де қытайлық авто­көлік­тердің сапасына көпшілік күмәнмен қарайды. «Бір күндік брендтер» деген атау алған машиналардың металл сапасы, локализациясында кемшілік бары талай дәлелденген. Бұдан бөлек, бөлшектері де проблемаға толы. Моделі бірдей, бірақ шыққан кезі әртүрлі көліктердің бөлшектері бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. Кейбір брендтер банкроттықпен нарықтан шығып, бөлшектер өндіруді және автокөлікке техникалық қызмет көрсетуді тоқтатады. Оның үстіне қазір қытайлық автомобильдерге арналған бөлшектер каталогы жоқ, өйткені өндірушілер мұндай каталогтарды ұсынбайды. Сонымен қатар, кейбір қажетті бөлшектерді тіпті Қытайдан да ашық сатылымнан таппайсыз. Себебі автоөндірушілер өздігінен қызмет көрсетуді қаламай, тек ресми дилерлерде жөндеуді ұсынады. Бөлшектерге дилер арқылы жеке тапсырыс беру керек. Содан кейін олар пошта арқылы жібереді. Осылайша жөндеу уақыты сағызша созылып, көлік иесінің жүйкесін құртады.
Ескіні есіркегендер азаймады
Қазір шетелден көлік әкеліп жат­қандар көбеймесе, азайған жоқ. Бұрын бұл санатта Грузия, Армения болса, қазір Сауд Арабиясы мен Оң­түстік Корея қосылды. Өйткені жылы жаңа көліктер елімізге қарағанда арзандау. Алайда әлі Қазақстанда ескі көлік өте көп. Ал оның экологияға зияны мен адам қауіпсіздігіне кесір тигізіп жатқанын ескеру керек. Былтыр еліміздің жолдарында жүрген 1 млн 200 мың көліктің зауыттан шыққанына 20 жылдан асқаны мәлім болды. 2015 жылы шыққанына 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесі елде 59 пайызды құраса, 2020 жылы 70 пайыздан асыпты. Уақыт тоқтап қалған жоқ, бұл үлестің артқаны даусыз. Сонда елдегі 4 млн көліктің 3 млн-ға жуығы тозған әрі экологиялық талапқа сай емес болып шығады.
Шетелден кіргізілген көліктердің бәрі жаңа емес, басым бөлігіне 10 жылдан асқан. Мәселенің тамыры тереңде жатыр. Екіншіден, Қазақстанда автонарық тұрақсыз, көбіне баға шарықтауға бейім. «Қаңтардан бастап шетелдік көліктер тіркеледі» дегенде автонарықтағы бағалар лезде көтеріле бастағаны есімізде. Әйтпесе оған дейін шетелдік нөмірдегі көліктердің бағасы өзгесінен біршама арзанырақ болатын. Биылға дейін шетелдік тіркеумен жүрген Toyota Camry көліктері аяқасты қымбаттай бастағаны байқалды. Жаңалықтан кейін шетелден әкелінген көліктің иелері бағаны күрт өсірді. Әрине, жұртты айыптай алмаймыз, халықтың сұранысындағы Toyota Camry көлігінің 40-тық шанақтағы нұсқасының шыққанына да 15 жылдан асып барады. Соған қарамастан қазір кемі 7 миллион теңге сұрайды. Осыдан кейін азаматтар шетелге шапқылайтыны түсінікті жайт. Не десек те, бізде ғана емес, қазір әлем елдерінде автокөлік нарығында баға шарықтап барады. Сондықтан автосарапшылардың көбі бюджеттік сигментте болса да жаңа көліктердің көбейгенін жөн санайды.
– Қазір қытайлықтар бағасына сай автокөліктер ұсынуда. Бұрынғыдай емес, олар да көлік өндірісінде біршама жетістікке жетіп, технологияларды игеріп, танымал брендтерде жұмыс істеген мамандарды алдыртты. Келешекте қалай десек те қытайлық көліктер нарықтың басым бөлігін жау­лайды. Ал ескі көліктердің мәселесі көп екенін иелері жақсы біледі. Соған қарамастан сұраныстан түспей тұрғаны халықтың қаржысына байланысты, – дейді автосарапшы Олжас Оқас.
Қалай болғанда да автонарықта таңдаудың көбейгені – жақсы үрдіс. Дегенмен саладағы отандық өндірісті де шет қалдырмаған абзал. Қазір Оңтүстік Корея елінің брендтері Қазақстандағы зауыттарын көбейтуге ниетті. Әрине, барлық бөлшегі түбегейлі елімізден шықпайды. Әйтсе де бұл елдің 50 жыл бұрынғы тәжірибесін ұмытпаған дұрыс. Бастапқыда көліктерді құрастыру ісімен ғана айналысқан ел қазір әлемдік автонарықта бәсекелесе алатын алпауытқа айналды. Осылайша біз де автонарықты ақырындап игере алар едік.
Мадияр Төлеу,
«Сыр бойы»
09 қараша 2023 ж. 175 0