«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 2023: егін-жай түйінделді

2023: егін-жай түйінделді


Су тапшылығын көріп, еңбек еш кетпесін деп жүріп биылғы егіс жылын да түйіндедік. Күріштің көлемі тым төмен түсіп кетпеуіне де баса назар аударып, биыл дала диқандары ойдағыдай өнім ала алды. Жыл сайын әртараптандыру бағытына бет бұруды қолға алған шаруалар келер жылы да бақша өнімдерінің қорын молайтуға жұмыс жасайтын болады. Бізде астық сақтайтын қойма іске қосылады деп күтіп жүргеніміз рас. Оның да ауылы алыс емес. Сондықтан жылды қорытып, егінші қауымның еңбегін елеп, 2023 жылды түйіндеп қойғанды жөн көрдік.


Жалпы ауданда ауыл шаруашы­лығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 460-ы егін мәселесіне назар аударады. Оның ішінде 234 шаруашылық күріш өсіріп отыр. Соңғы мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шы­ғарылымы 25 101,8 млн теңгені (101,2%) құрады. Аудан бойынша 35 715 гек­тарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, соның 8 мыңға жуығы күріш. Қалғаны дәнді дақылдар, мал азығы, майлы дақылдар және картоп, көкөніс, бақша өнімдері бар. Оның ішінде, мал азығына басымдықты көбірек бердік. Өйткені, Жаңақорғандағы мал басы аймақ төрт түлігінің үштен бірін құрайды. Одан бөлек көршілес аудан, қалалар біздің өнімді тұтынады.
– 2023 жылға дайындалған 1975 тонна күріш тұқымының 1330 тоннасы «Лидер», 645 тоннасы «Сыр Сұлуы», «АйКерім», «Маржан» сорты егілді. Су жүйелерін тазалау бойынша биыл облыстық бюд­жеттен 2023 жылы тазаланып жатқан каналдар бар. Қыркеңсе ауылдық ок­ругіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына 59,5 млн теңге, Байкенже ауылдық округінен «Дөңбай» каналына 23,7 млн қаржы бөлінген. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша жеңім­­паз мекемемен тазалау жұмыстары жүр­гі­зілуде. Су шаруашылығы жұмыс­тарын жүргізудің жобалық-сметалық құжат­тамасын әзірлеуге М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «К-2-6-1» су қашыртқы­сына 1,134 млн теңге, «К-2-6-2-1» су қашыртқысына 0,96 млн, Аққорған ау­ылдық округіндегі «Р-16-2-1» каналына 1,2 млн және «Р-16-2» каналына 1,16 млн теңге қаражат бөлінді. Айта кететіні, насос қондырғылары бойынша барлығы 37 дана алынды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 23 насос берілді. «Қазсушар» РМК филиалы арқылы 6 дана насос қондырғысы, шаруашылықтар есебінде 8 дана су насос қондырғылары қондырылды.
– Техника және жанар-жағар май мәселесі қалай шешілді?
– Аудан бойынша күзгі егін жинау науқанына 1082 тонна дизель отыны бөлінді. Жеткізіп беруші операторлар «Жібек Жолы LTD и К» ЖШС және «Жаңақорған ОiI» ЖШС. Бөлінген дизель отыны толығымен алынды. Сонымен қатар, күзгі егін жинау жұмыстарына 207 трактор, 70 комбайн, 41 жатка, 101 трактор тіркемесі толығымен қатыстырылды.
Біздің сауалымызға ауылшаруа­шы­лығы және жер қатынастары бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаев жауап берді. Соңынан күріш жинау бойын­ша сауалды жолдадық. Аудан бойынша егілген негізгі дақыл күріш егісін жинау жұмыстарына тоқталар болсақ, биылғы жылы егілген 7 903 гектар күріш егіс­тігі толығымен жиналып, бастырылып, әр гектарынан 56,3 центнерден өнім алынды.
2023-2024 жылдың қысқа түсетін ауыл шаруашылығы жануарларына 183,5 мың тонна шөп, 37,0 мың тонна жем, 36,5 тонна сабан дайындау жоспары толық орындалды. 2024 жылдың егісі үшін 7 200 гектар сүдігер айдау және 3 000 гектар күздік бидай егу межеленіп, бүгінгі таңға 5 500 гектар сүдігер айдалып, 1 551 гектар жерге күздік бидай себіліп отыр екен.
Міне, биылғы жылдың межесі осылай түйінделді. Енді 4 айдан соң жерді дайындап, ретке келтіру басталады. 2024 жылдың межесі де жоғары нәтижемен түйінделеді деп үміттенеміз. Қалғаны уақыттың көшінде...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

07 қараша 2023 ж. 229 0