Облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбет: халықты МӘМС жүйесіне тарту алгоритмін әзірлеу
Аймақтың 129 мыңнан астамтұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Көбіне олар 12 айға төлемеген азаматтар және жұмысшылар санатындағылар болып табылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен МӘМС мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырысындаӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Қызылорда облысында 693 мыңнан астам сақтандырылған азамат бар, бұл халықтың 84,3% құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті межелік 87% - ға дейін жеткізу қажет.
Қор филиалының директоры халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға шақырды.
«Өңір халқының осы жүйеде сақтандырылмаған 15,7% - ы медициналық көмектің толық көлемін алалмайды, бұл 129 мыңнан астам адамды құрауда. Осы сақтандырылмағандардың басым бөлігінің үлесі Қызылорда қаласы (15,4 %) және Қармақшы ауданына қарасты Байқоңыр қаласымен Төретам, Ақай тұрғындарына (22,4%) тиесілі болып отыр, Олар негізінде 12 айда жарна төлемеген азаматтар мен жалдамалы жұмысшылар санатындағылар. Мәселен, мемлекеттік кірістер Департаментінің бақылауынантыс қалу салдарынан а.ж. қыркүйек айына 43 503 тұлғадан сомасы 158 339,3 мың теңге МӘМС төлемдерінің уақытылы түсуі қамтамасыз етілмей қалып отыр», - деді Б.Исмаханбетов.
Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту мәселесі Отбасылық цифрлық картасындағы басты мәселелердің бірі екенін атап өтті.
«Тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту алгоритмін әзірлеу, сондай-ақ уақтылы аударымдар мен жарналарды бақылауы күшейтілу қажет. Кең ауқымды түсіндіру жұмыстары үшін азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-насихаттау тобын ұйымдастыру қажет, оның құрамына белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері кіреді», - деді М.Шермағанбет.
Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары қала және аудан әкімдігіне жұмыс тобын құруды және қала, аудан, кент, елді мекен ауылдық округтерінің әкімдеріне әрбір тұрғынды МӘМС жүйесіне қосылуына тікелей ұйымдастыруды, ал сала басшыларына деректерді өзектендіру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.