№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пациенттердің құқықтарын қорғау

Пациенттердің құқықтарын қорғау


Қызылорда облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған 134,5 мыңнан астам азамат бар. Олардың басым бөлігі облыс орталығының, Қазалы ауданының және Байқоңыр қаласының тұрғындары. Негізінде біріңғай жиынтық төлем төлеушілері мен әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
«Қызылорда облысының 814 мың тұрғынындардың тек 650 мыңдайы сақтандыру мәртебесіне ие болған. Бұл өңір халқының жалпы санының 80,5% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша аймақ соңғы орындарда», - деді Қор филиалының басшысы.
Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, өңірдің 7 мыңнан астам тұрғыны емханаларға тіркелмеген. Сырдария және Қармақшы аудандарында МӘМС жүйесіне сақтандырылмаған адамдарды тарту жұмыстары өз деңгейде емес.
«Бұл мәселеде ең тиімді көмекшілердің бірі «Qoldau - 24/7» мобильді қосымшасы. Осы бірегей платформаның көмегімен тұрғындар медициналық көмек туралы кеңестер ала алады, өздерінің сақтандыру мәртебесін тексере алады, МӘМС - ғы төлемдер мөлшерін біле алады, медициналық қызметтердің сапасын бағалайды, коронавирус, COVID-19 қарсы вакцинация, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеттері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады», - деп түсіндірді Қор филиалының директоры.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында Бақыт Исмаханбетов жергілікті әкімшіліктің, медицина саласының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік саланың қызметкерлерін, жергілікті учаскелік полиция қызметкерін, жергілікті белсенділер мен сыйлы азаматтарды тарта отырып, «МӘМС жүйесіне тарту» жұмысшы тобын құру туралы бастама көтерді.
Ең бастысы-халықты сапалы медициналық көмекпен толық көлемде қамтамасыз ету.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
01 сәуір 2021 ж. 608 0