Дәрігерлер көлік қағып кеткен әйелдің өмірін сақтап қалды

Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Берік Болатовтың айтуынша, науқастың миы шайқалған, жамбас сүйектері мен қолдарының көптеген сынықтары бар. Науқас ауыр жағдайдан шығарылды, Гофман құрылғысы орнатылды (аяқ-қолдың мен жамбас сүйектерінің ұзын сүйектерінің сынықтарынқысу және дистракциялау құрылғысы).
Бүгінгі таңда 63 жастағы әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Шиелілік дәрігерлердің нақты әрі үйлесімді жұмысының арқасында науқастың денсаулық жағдайы жақсарып келеді. Одан әрі емделу үшін көпсалалы облыстық ауруханасына жіберілді.
«Жыл басынан бері бөлімге 811 адам келіп түсті. Көбінесе науқастар инсульт және әртүрлі жарақаттармен түседі. Жақында облыстық аурухананың нейрохирургтарымен бірлесіп инсульт алған 67 жастағы ер адамның миына ота жасадық. Әзірге ол комада жатыр. Емнің оң динамикасы байқалуда», - дейді Берік Болатов.
Биылғы жылдың 9 айында Шиелі аудандық ауруханасында 8,5 мың адам ем алды. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан шамамен 1,5 млрд. теңге бөлінді.