№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасай бер, жазиралы Жаңақорған

Жасай бер, жазиралы Жаңақорған


Жаңақорған ауданының 95 жылдығы және “Жаңақорған тынысы” газетінің 90 жылдық мерейтойы кең көлемді үлкен деңгейде аталып өтті.
Қарт Қаратау мен сұлу Сырдың бойында қоныс тепкен киелі Жаңақорған топырағында бүгін үлкен мереке.
Іргетасы тоқсан бес жыл бұрын қаланған ауданның тарихы тереңде жатыр. Кешегі қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы осы дала төрінде жатыр. Киелі шаһардың келбеті қайта әрленіп, сыры бүгілген естеліктер жаңғырып келеді. Айтулы мереке күні Жаңақорған ауданында бірқатар нысандар ашылып, қорытындысында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Ғасырға бергісіз уақытта тарихи кезеңдерді өткерген ауданның айтулы күніне аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ел ағалары мен арнайы шақырылған танымал тұлғалар, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар және аудан тұрғындары қатысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан халқын қос мерекемен құттықтады.


«Биыл алты Алашқа пана болған Сыр бойындағы облыстың құрылғаны­на 85 жыл толды. Мерейлі мереке­ге қызылордалықтар бекем бірлік, тату тірлігінің арқасында жақсы нәти­же­лермен жетті. Үкіметтің ресми мәлі­меті бойынша, облысымыз 9 айдың қорытындысымен республикадағы үз­­дік үштіктен көрінді. Жаңақорған ау­данының даму динамикасында да өсім бар. Ауданда жалпы құны 38 млрд теңгені құрайтын 10 ірі жоба жүзеге асыры­луда. Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны ерекше. Күні кеше өт­кен «Алтын дән» дала еңбеккерлері­нің қорытынды шарасында Жаңақор­ған ауданы «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» атанды. Барша еңбеккерлерді жеңісімен құттықтаймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Нағи Ілиясов ауылында өткен еңбек адамдарымен кездесуде: «Шын мәнінде, еңбек адамдары – халқымыз үшін ең қажет азаматтар. Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек», – деген болатын.
Қойнауы құт, даласы дархан Жаңа­қорғандағы жасампаз жобалардың барлығы еңбек адамдары – сіздердің арқаларыңыз. Жазиралы Жаңақорған ауданының мерекесі бәрімізге ортақ. Мақсат – той тойлау емес, бір ғасырға жуық уақыт аралығындағы оқиғалар­ды ой елегінен өткізу. Елдің бірлігін нығайтып, игі іске жұмылдыру, – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы елдің береке­сі мен бірлігін сақтауға үлес қосқан, тәуелсіздік жылдарынан бері ауданды басқарған ел ағаларына алғыс білдірді. Тарихы тереңде жатқан қасиетті өлкеде өткен мерекелік кеште ауданымыздың қоғамдық-сая­си өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға «Жаңақорған ауданының Құрметті аза­маты» атағы табыс етілді. Мұнан бө­лек, аудан мерейтойына арналған айтыс жеңімпаздары марапатталды.

Тарқатып айтсақ, медицина сала­сының ардагері, аудандық ардагер­лер кеңесінің алқа мүшесі Әріпбек Аса­нов, ауылшаруашылығы сала­сы­ның ардагері, 1989-1999 жыл­дары Түркістан совхозының дирек­торы, 1999-2013 жылдары Қандөз ауылдық округінің әкімі болып қыз­мет атқарған, бірнеше мерекелік төсбелгілердің иегері Қалдан Жәнібе­ков, ауылшаруашылығы саласының ардагері, социалистік жарыстардың жеңімпазы, «Октябрь революциясына 60 жыл» медалінің иегері Абдужаппар Мырзабаев, педагогикалық білім берудің халықаралық ғылым академиясы мен Қазақстан Педагогикалық Ғылым­дар Академиясының академигі, «Ыбырай Алтынсарин» белгісінің «Ұлағат» ал­тын медалінің иегері Айгүл Сәтбекова, тілші, баспасөз саласының ардагері, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иеге­рі Ерубай Қалдыбек, Қызылорда об­лы­сы денсаулық сақтау басқармасы­­­ның басшысы Сәбит Пазылов, «Құр­мет­ті Энергетик», Қазақстан электр энер­гетикалық қауымдастығы атынан «Еңбек сіңірген энергетик төсбелгісі­нің иегері Нұрділдә Алтыбаевтар аудан­ның «Құрметті азаматы» төсбелгілісін иеленді.
Марапат биігінен көрінген аймақ­тың бас дәрігері Сәбит Пазылов өзінің алғысын білдіріп, ерекше қуанышын жеткізді.
– Әр азамат үшін өзінің кіндік қаны тамған туған жерінен ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес. Мен қойнауы қасиетті, Жаңақорған­ның жазиралы жерінде өмірге келген азаматпын. Осы туған жер төсінде өсіп, ер жетіп, мектеп табалдырығында білім нәрімен сусын­дап, тәлім-тәрбие ал­дым. Нәтижесін­де дәрігер мамандығын игеріп, білікті маман болдым. Медицина саласында ширек ғасыр еңбек етіп, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан еңбегімді туған өлкем ескеріп, төріне шақыр­ды. «Жаңақорған ауда­нының Құрметті азаматы» атағына ұсынып, мерейімді асырды. Бұл марапат бұрынғылардан өзгерек. Туған жерімнің, жерлестерімнің құрметке бөлегені мен үшін бүгінге дейінгі жетістіктерімнен аса биік. Ел аман, бауырымыз бүтін болып, жұртымыз жақсылыққа жұмылсын! 95 жыл тарихы бар Жаңақорған жасай берсін!, – деп алғаусыз ақ тілегін білдірді.
Қойнауы кенге, ел іші өнерге бай, көңілі дарқан бір топ ауданның өнер­паздары Бексұлтан Байкенжеев аға­мыздың әндерін орындап кештің көркін қыздыра түссе, елімізге танымал өнер жұлдыздары Бақтияр Тайлақбаев, Кең­ес Әлімжан, Медет Салықов, Құрмаш Мақанов, Жолдасбек Әбдиханов ән­нен шашу шашып, аудан тұрғында­рына керемет көңіл-күй сыйлады.
Ізгі ті­лектерден кейін өнерлі ұжым биден шашу шашып, әнмен даланы тербеді.
Мерекелік кеш әсем әнге, мың бояулы отшашуға жалғасты.

Әсел Рзаева

24 қазан 2023 ж. 200 0