№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Қамқорлық” – балаларды оңалту орталығы

“Қамқорлық” – балаларды оңалту орталығы


Жаңақорған халық саны жөнінен облыста көш бастайды. Ата Заңымызда «мемлекеттің ең бірінші байлығы – халық» деп айтқанындай, әрбір адамның денсаулық мәселесі назардан тыс қалмақ емес. Бұлай дейтін жөніміз бар, тоқсан мыңнан астам халқы бар Жаңақорған ауданында оңалту орталығы ашылмақ. Ауданның 95 жылдық тарихын аясында қолға алынған істің жай-жапсарын білген едік.


Жуырда облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөнін­дегі орынбасары Мая Миранбайқызы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «Help Today» қоғамдық қорының төраға­сы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қо­рының құрылтайшысы, Қамқоршы­лық кеңесінің мүшесi Эльмира Айташқызына Жаңақорған аудан әкі­мі Мұрат Тлеум­бетовпен бірге жаңадан құрылысы баста­лып жатқан «Қамқорлық» оңалту орта­лығының жұмысын таныстырды.
Онда 3 жастан 18 жасқа дейінгі «Қамқорлық» орталығында балалар­дың сауығып кетуіне барлық жағ­дай жаса­латындығын, атап айтқанда, орта­лық емдік дене шынықтыру бөлмесі, мас­саж жасау, ойын бөлмелері мен оңал­ту құралдары секілді керек-жарақпен толық қамтамасыз етілетіндiгiн айтты.
Одан бөлек Монтессори педа­го­ги­касы науқастардың үй жағдайына бейімделуіне көмектеспек. Сондай-ақ орталықта музыка, ойын терапияла­ры, балаларды тамақтандыру технологиясы заманауи жабдықталып, аудан халқына тамаша тарту болмақ.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңа­қорған ауданында 500-ге жуық бала неврологиялық және туабітті сал ау­руымен арнайы есепте тұрады.
Бұл туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары Ғалия Төребаева өз ойын жеткізді.
– Бұл орталық біздің ауданға қажет деп танылды. Оған себеп, мүгедектігі анықталған азаматтардың саны артып, оларға қажетті ем-дом жасау шаралары өзге аймақта атқарылуда. Сондықтан да олардың жол шығыны болмас үшін, әрі сапалы қызмет алудың қолжетімділі­гін арттыру мақсатында «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Бұйырса, көп ұзамай жұмысын бастайды, – деді.
Бұл жағымды жаңалыққа жергілікті халық қуануда. Ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін үлкен мүмкіндіктер есігі ашылатынына көпшілік қуанулы. Соның бірі – Молдахмет Искаков:
– Іске сәт, бала – бауыр етің демекші, ұрпағымыздың денсаулығына жасалып жатқан өте сауапты іс екен, Тәңірбер­ген Әмитұлы бастаған істі аяғына дей­ін жеткізетініне сенімдімін, – деген тілегін жеткізді.

ТҮЙІН. Келешекте мүгедектер үшін жүзеге аспақ жобаның жай-жапса­ры талқыланды. Ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қауіпсіз әрі үлкен аумақты қамтитын ғимарат маңына спорттық алаңдар орнатылуы да мүмкін. Орталықты ашудағы басты мақ­сат – мүмкіндігі шектеулі азаматтар­ды белсенді өмірге бейімдеп, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуге мүмкіндік беру.

Мақпал ПАТЕНОВА
18 қазан 2023 ж. 310 0