№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС есебінен қаржыландырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 5000 бала дүниеге келді

МӘМС есебінен қаржыландырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 5000 бала дүниеге келді

Елімізде әрбір алтыншы жұп сәби сүюді армандайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір 15 мың ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен есепте тұр. «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы бері 20 мың әйел жасанды ұрықтандыру қызметін алған. Бұл процедуралар МӘМС аясында қаржыландырылады. Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорында ЭКҰ-ға кімдер қатыса алады және оған жолдаманы қалай алады, қайда өтуге болады деген сынды сұрақтарға жауап берді.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылық жұптар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.
МӘМС аясында ЭКҰ жасайтын клиникалардың тізімін
қайдан көруге болады?
Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Жыл сайын квоталар аймақтарға сәйкес бөлінеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары бұл тізімде көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, МӘМС шеңберінде жұмыс істетін Алматы қаласындағы 7 клиникада 2 мыңға тарта жасанды ұрықтандыру әдісі жасалды.
Айта кету керек, пациент Қор сайтына кіріп, клиниканы өзі таңдай алады. Ол үшін fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін», ары қарай «Клиниканы таңдау» батырмасын басып, «ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесін» ашу керек. Ол жерде клиникалардың тізімі, мекенжайы және телефоны көрсетілген.
ЭКҰ-ға жолдаманы қалай алады?
Бұл процедура МӘМС аясында тегін жасалады. Соған сай, квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс.
Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады.
2021 жылдан бері жыл сайын 7 мың ЭКО процедура МӘМС есебінен қаржыландырылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында берген ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 5 млрд жуық қаржыға 4 мыңнан астам экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі жасалды.
ҚР ДСМ мәліметі бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері «өзін аңсатқан» 5000 нәресте дүниеге келді.
Жасанды жолмен ұрықтандыруға бір адамға қанша қаражат жұмсалады?
Бағдарлама аясында бір адамға МӘМС есебінен орта есеппен 1 млн теңге бөлінеді. Репродуктологтардың айтуынша, оның 600 мың теңгесі стимуляциялауға арналған гормондық препараттарға жұмсалады. 200-300 мың теңге шығын материалдарын жабуға кетеді. Кейде құны 1 млн теңгеден асып жығылатын мұндай процедураны кез келген отбасының қалтасы көтермейтіні рас. Оған қоса ЭКҰ әдісіне бірнеше мәрте жүгініп барып, сәбилі болғандар көп. Ал қазір бұған жұмсалатын шығынды Қор МӘМС есебінен төлейді.

Қандай жағдайда квота берілмеуі мүмкін?
Дәрігерлер әйелді медициналық тексеруден өткізгеннен кейін бірнеше мәселені ескереді. Олар жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез келген локализация онкологиясы сынды жағдайларда пациентке экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілмейді.
Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.
Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы.
• Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
04 қазан 2023 ж. 315 0