Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері күн райының тұрақсыз сипаты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында әлі де сақталады. Онымен найзағай мен екпінді жел, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.


22-23 қыркүйекте – шығыста, 22 қыркүйекте оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі.
Қазақстанның тек батысында, солтүстік-батысында, Батыс антициклонының ықпалымен күн райы ашық болады.
Елдің батысында, солтүстігі мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады.
Түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде -1 градус үсік жүреді.
Ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде 24-30-ға дейін, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін көтеріледі. Солтүстік аумақта 10-16 градусқа дейін төмендейді, орталықта 10-23 жылы болады. Шығыста температура бағамы 10-15-ке дейін түсіп, оңтүстікте 20-28-ге дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін, таулы аудандарда 2-10 градусқа дейін төмендейді.
22 қыркүйек 2023 ж. 393 0