№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқаев астық өндірушілерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды

Тоқаев астық өндірушілерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды



Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды", деп көрсетілген ресми мәлімдемеде. Бұған Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райы салқындап, жаңбыр мен үсік салдарынан астықтың сапасы төмендеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері - Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.  
Сәденов ТМД ішкі істер министрлерін трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлесіп күресуге шақырды Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті ДОСТАРҒА АЙТУ Түркістанда өткен Достастық мемлекеттерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында сөз алған Ержан Сәденов ТМД ішкі істер министрлерін трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлесіп күресуге шақырды, деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сәденовтың айтуынша, жалпы ТМД-ның және ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр және тәжірибе көрсеткендей, ол енді "дәстүрлі" қылмыстармен шектелмейді. Экономикалық жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыс ауқымының ұлғаюына және оның трансұлттық сипатқа ие болуына ықпал етеді. Осыған байланысты біз оның жолында бірге сенімді тосқауыл қоюымыз керек", - деді министр.

Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті. Қазақстанда бұл бағытта есірткі зертханаларын тауып, жоюға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. ІІМ басшысы жыл басынан бері есірткі өндіретін 59 цех жойылғанын, шетелдік әріптестермен бірлесе отырып Алматыда құрамына Достастық елдерінің бірқатар азаматы кірген трансұлттық топ жойылғанын атап өтті. Олардан 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Ішкі істер министрлері Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдап, ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының халықаралық бақылаудағы жеткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады.  
16 қыркүйек 2023 ж. 123 0