Соңғы жаңалықтар

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » "15-20 градусқа дейін жылиды"

"15-20 градусқа дейін жылиды"



Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа температурасы жоғарылайды.
«Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон ықпалынан жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран соғып, қатты жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында еліміздің шығысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – дейді мамандар.Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.
Термометр бағандары тәуліктің күндізгі уақытында ҚР солтүстік жартысында 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жоғарылайды, тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендейді.
27 ақпан 2023 ж. 534 0