Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді

5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді



Жыл соңына дейін 19 мыңнан аса азамат Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылым қатарын толықтырады. 
Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс беру іске асырылып келеді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов.

Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге мөлшеріндегі төлемдері кейінге қалдырылды, - деді Бауыржан Артықов Орталық коииуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, Қазақстанда мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан аса азамат Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылым қатарын толықтырады. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскерден босату бойынша көмек ұсынатын, ол үшін ақы сұрайтын жандардан сақ болуға кеңес береді.
09 қыркүйек 2023 ж. 500 0