№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордада 37 мыңнан астам балаға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді

Қызылордада 37 мыңнан астам балаға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді



Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан да көмектер берілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов баяндады. 
«Науқан аясында 1754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. «Самұрық-Қазына» Қорының бастамасымен 1 сыныпқа баратын 1830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге,  «Ел-арай» Қорымен 500-ден астам балаға көмек көрсету жоспарлануда.Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000- нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылуда», - деді Бағдат Камбозұлы.
20 тамыз 2023 ж. 153 0