Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжаттарына өзгеріс енгізе алады

Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжаттарына өзгеріс енгізе алады



Енді қазақстандықтар eGov.kz – электронды үкімет порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өздері өзгеріс енгізе алады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы.
«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып, өтінім беруге болады.
«Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға өзгерістер енгізе отырып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін ХҚКО-ға бару қажет болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ»,- деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
20 тамыз 2023 ж. 309 0