№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа заңның жаңалығы

Жаңа заңның жаңалығы


Қазақстан Республикасы Президентімен 2021 жылдың 26 қарашасында Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын мақұлдады.

Мәселен, қазіргі кезде ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін ахат органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды. Енді азаматтар ахат органдарына бару қажеттілігінен босатылды.
Конститутцияда және кодексте кепілдік берілген отбасы құпиясын, бала асырап алудың, баланың шығу тегінің құпиясын сақтау мақсатында әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тараулары алынып тасталды. Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы декректері туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі.
Қазір баланы асырап алған немесе әкелік құқығы анықталған кезде балаға 2 куәлік беріледі. Бірі – асырап алу немесе әке болуды анықтау, екіншісі – туу туралы куәлік. Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де , тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.
Енді азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, акт жазбаларды қалпына келтіру және жою қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтер экс-аумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.
Мысалы, азамат құжатын жоғалтқан жағдайда, қай аумақта тұратынына, қайда туғанына қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады, хқко орталықтары арқылы өтініш беру міндетті.
Ата-аналардың таңдауы бойынша sms хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.
Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі.
Шет елде туылған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Бүгінгі таңда шетелде туылған баланың туу туралы мәліметі ақпараттық жүйеде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органынан берілген.
Үйден шықпай-ақ, "egov" порталы арқылы өтініш беруге болады.

Дайындаған
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

29 тамыз 2021 ж. 267 0